Алтын тұлпар. 40-қа жуық жүйрік тіркелді

3497

Жайық жағасында жалауын көтерген «Дарабоз-2019» турнирмен қатар дәстүрлі «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өтеді.

Санаулы сағаттан соң Атырау қаласынан 23 шақырым жердегі Талдыкөл ауылының маңында 51 шақырымға созылатын аламан бәйге басталады.

Осымен бесінші рет өткізіліп отырған дәстүрлі бәйгеге елімізге танымал сәйгүліктер келді.

Олардың қатарында Атыраудың Жезкиігі, Алматының Көкбастауы, Қызылорданың Қоянқасқасы, Жамбыл облысының кіші Самалы, Қарағандының Еркежирені, Түркістанның Наз қоңыры қатарлы 37 жүйрік бақ сынайды.

Сонымен қатар бүгін 7 шақырымға құнан бәйгесі, 25 шақырымға топ бәйге мен 7 шақырымға жорға жарысы өтеді.

Бұдан бөлек «Дарабоз-2019» турнирінің көкпардан финалдық сайысы мен аударыспақтың бәсекесі өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау даласында, Ақ Жайық жағасында «Дарабоз-2019» турнирі өтіп жатыр. Бұған дейін теңге ілуден және жамбы атудан сайыс өткен болатын.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.