Оразалин: Мұғалжар жылқысын дамытуға министрліктен қолдау бар

2912

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Президент жанындағы Орталық коммуникациялар алаңында журналистер сауалына жауап беріп, өңрде атқарылған жұмыстарға байланысты есеп берген болатын.

Онлайн режимінде өткен брифинг барысында Argymaq.kz порталының Бас редакторы Ержан Жаубай өңір басшысына әйгілі мұғалжар және көшім жылқыларының негізін қалаушы ғалым, селекционер Серікбай Рзабаевқа тиісті көмек көрсетіліп, қолдау білдіру керектігін айтты.

Сонымен қатар, облыс әкіміне «бүгінгі таңда Ақтөбенің ғана емес, бүкіл қазақтың мақтанышына айналған мұғалжар жылқысының бүгінгі жай-күйі қандай? Алдағы уақытта жылқы шаруашылығына қатысты қандай шаралар қолға алынады?» деген сұрақтар қойған болатын.

Өте орынды мәселе. Көшім жылқысы болсын, мұғалжар жылқысы болсын, оның авторы жаңағы айтып отырған Серікбай Рзабаев ағамыздың еңбегі ерекше. Бір адамның ғұмырында осындай екі түрлі асыл тұқымды жылқыны шығару, бір сөзбен айтқанда тарихта сирек кезедестін дүние. Жылқы тұқымын шығару, өздеріңіз білесіздер, 1-2 жыл емес, кемінде 30-40 жылды талап етеді. Ағамызға Алла қуат берсін, ортамызда жүргеніне қуанамыз. Расында бұл мұғалжар жылқысы – бір ғана Ақтөбе облысы емес, бүкіл қазақтың мақтанышы. Оны барлығымыз мойындаймыз. Сол себепті де ағамыз жайлы айтқан ұсынысыңыз орынды. Облыс басшысы ретінде мен мұның барлығын ойыма аламын. Өте орынды ұсыныс деп түсінемін. Ағамызбен кездесіп тұрамыз, ол кісінің ой-пікірлері, ұсыныстары біз үшін үлкен құндылық. Ол кісінің жұмыстарын жалғастырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қоса, жалпы материалдық жағынан да қолдау көрсету облыс көлемінде өз күшімізбен қаражат бөліп жұмыс жасап жатырмыз – деді өңір басшысы өз жауабында.

Мұғалжар жылқысының жай-күйіне тоқталған әкім Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл жылқы шаруашылығын толықтай қолдап отырғанын айтты.

Өткен жолы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Кесікбайұлы Омаров іс-сапармен біздің облысқа келгенде мен осы мәселемен тереңірек таныссын деп, қандай өзекті, өзімізге қаншалықты керекті екенін баяндап бердім. Жалпы Ауыл шаруашылығы министрлігінен үлкен қолдау бар. Жаңа да айтып жатырмыз, бұл тек Ақтөбе өңірі ғана емес, бүкіл Қазақстанға керек дүние – деді Оңдасын Оразалин.

Сонымен қатар, министр мұғалжар жылқысына қатысты алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Келешекте біз министрлікпен бірге жоспар құрып отырмыз. Ол – бұл жұмысты бұдан да жоғары нәтижеге жеткізу, жоғары көрсеткіш көрсету. Мұғалжар жылқысының санын да көбейту, ғылыми жұмыстарды дамыта отырып, асыл тұқым ретінде сапасын да арттыру. Қазіргі таңда сұраныс өте жоғары. Тіпті шетелден де үлкен қызығушылық бар. Әсіресе көрші Ресей Федерациясы мен Қытайдан, басқа да алыс-жақын шет елдерден сұраныс көлемі ұлғайып келеді. Соған байланысты, өзіміз облыс көлемінде деп бекіткен шараларды, менің ойымша, республикалық деңгейде өткізетін боламыз – деді өңір басшысы.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.