Ел чемпионаты. Қарағанды-БҚО – 14-0

3376

Тараз төрінде басталған тартысты доданың алғашқы жеңімпазы да анықталды.

Ел чемпионатының алғашқы айналымының алғашқы ойынында бақ сынасқан Қарағанды облысының құрама командасы мен Батыс Қазақстан облысының құрамасы арасындағы ойын аса тартысты өтті деуге келмес. Таңғы салқынмен басталған ойында Қарағандылықтар айқын басымдық танытты.

Алғашқы есеп ашқан қарағандылық көкпаршы – Құлымбет Шадияр 2 салым, Байғазиев Елдос – 1, Есмахаев Дидар – 1, Кәрібаев Алмаз – 3, Исақ Марғұлан – 2, Шалғынбаев Рамазан – 2, Оспанов Ерлан – 2 салым салды.

Сонымен алғашқы ойын 14-0 есебімен Қарағанды облысының пайдасына шешілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы, Тараз қаласының шетіндегі Бестөбе атшабарында Көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Чемптонатта көкпармен қатар Аударыспақ спортының алыптары да өз бағын сынайтын болады.

BAQ.KZ

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.