Ел чемпионаты. Жамбыл мен Атырау. Есеп — 11-1

2521

Тараз төрінде өтіп жатқан Көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының бүгінгі соңғы ойынын алаң иелері өткізді.

Жамбыл облысының құрама командасына қарсы ойнаған Атырау облысының құрамасы. Әулеие ата топырағында байрағын көтерген чемпионатта Тараз тарландары алаң тізгінін бірден қолға алды. Алғашқы таймның өзінде-ақ есеп 5-0 болды.

Жамбыл құрамасы ежелден іргесі берік, дайындығы мығым, еліміздің 10 рет чемпионы болған команда ғой. Әрі алаң да өздерінікі, ат та өз аттары, команда өзара өте мықты үйлесе білген. Командалық көкпарда ең басты ерекшеліктің өзі осы команданың үйлесімі. Атыраудың құрамы негізінен жастар. Әрине, бұрыннан ойнап жүрген бірнеше шабандоз бар, десе де биыл Атырау жаңа құрам жасақтады. Екі команданың тәжірибесін, шеберлігін, алаңды меңгеруін салыстыруға келмейді – дейді Түркістан облысы құрама командасының бас бапкері Ғани Ахметбаев.

Кәнігі бапкер қателеспеген екен. Атырау құрамасы Жамбыл жігіттеріне төтеп бере алмады. Есеп – 11-1, Жамбыл жігіттерінің пайдасында.

Соңғы ойынның есебін ашқан Жамбыл облысының жас перісі – Құрманбек Тұрғанбек 4 салым салды. Мәлімбай Ернат, Жарылқасын Ернар және Рәт Ислам әрқайсысы екі-екі салым салса, Қожақұл Жасұлан бір салым салып жамбылдықтардың мерейін өсірді.

Ал Атырау жігітерінің арасында бір ғана салымға қол жеткізген – Әліпбаев Ынтымақ қана болды.

Осымен, Көкпар спортынан бүгінге белгіленген алты ойын аяқталды. Енді аударыспақтың алыптары өзара мықтыны анықтайды.

BAQ.KZ

4 comments

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.