Бәрі сойылады. «Қазақ тұлпарындағы» 48 жылқының 18-нен қатерлі індет анықталды
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жоспарлы ветеринарлық алдын алу шаралары барысында «Қазақ тұлпарында» күдікті жануарлар байқалды. Сол себепті, зауыттағы 50 бас жылқының бәрінен қан алынып, тексерілуге жіберілген. Сараптама солардың 18-нің жұқпалы анемияға (ИНАН) шалдыққанын растады.
Қазіргі таңда біз тиісті құжаттарды жергілікті әкімдікке жібердік. Шешімді солар шығарады. Яғни, «Қазақ тұлпары» бүгін-ертең карантинге жабылады. Ауырған 18 жылқы сойылып, еті арнайы орындарға тапсырылады. Одан әрі өңделіп, қалбырдағы етке айналады. Өңделген ет адам өміріне қауіпсіз. Ал, терісі, сүйек-саяғы, ішек-қарны жойылуға кетеді, — дейді Қостанай облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ақат Шектібаев.
Ветеринар мамандардың айтуынша, карантин мерзімі кем дегенде үш айға созылады. Осы уақыт ішінде ай сайын қан алынып, сараптама жасалады. Егер қорытынды екі рет дұрыс болмаса, ауырған мал санитарлық-ветеринарлық жойылуға кетеді. Тәртіп солай.
Қазір Қостанай жылқысына үкімет деңгейінде назар аударылып отыр. Биыл елімізде алғаш рет осы тұқымның арасында бәйге өткізілді. Қостанай жылқының сақтап, дамытудың жол картасы да әзірленді.
Алайда «бір кезде еліміздің бренді болған арғымақтар бүгінде құрып кетудің алдында тұр» деп дабыл қағады жанашыр азаматтар. Төл тұқымның негізі қаланған еліміздегі жалғыз жылқы зауытындағы жағдай алаңдатпай қоймайды.
Естеріңізде болса, бұған дейін Қостанай жылқы запуытында небары 48-ақ жылқы қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Ал зауытта ИнАн індеті шыққаны жайлы, сонымен қатар осы мәселеге қатысты ғылыми орталық түсініктеме бергені жайлы хабарлаған едік.
[…] “Бәрі сойылады. Қазақ тұлпарындағы 48 жылқының 18-нен қатерлі індет анықталды” […]