Үйір эволюциясы

3988

Белгілі ғалым, профессор Айбын Төреханов «Жылқы қазақтың жаны» атты мақаласында айтылған мәселелерді жеке-жеке тақырыпшаларға бөліп, оқырманға жеңіл болуы үшін шағындап беруді жөн көрдік. Олай болса, қазақ жылқысы, жылқы шаруашылығы, ат баптау жайлы оқуға асығыңыздар.

Argymaq.kz

Жылқы топпен өмір сүретін жануар. Үйірге салған «айғыр» – өз үйірін басқарып, оны қорғай алады. Ал мықты айғырлар үйірін қайырып ұстайды. Жылқы малы түйсігі жетілген текті мал болғандықтан, айғыр өз баласына шаппайды. Егер үйіріне бөтен буаз бие қосылса, оны қуалап жүріп іш тастатады. Ал құлындаса, онда құлынды шайнап өлтіреді. Бұл жауыздық емес, тек қан тазалығын сақтау түйсігі. Иелігіндегі үйірдің өзінің ұрығынан көбеюіне деген жауапкершілік. Үйірін шүйгін өріс пен судың тұнығына жетелеп, аязда, жаңбырлы күнде ықтасын жерге айдап қайыратын айғырдың түйсігіне қайран қаласың. Кейде үйірді мама биелер де бастайды, дегенмен үйірді қайыратын тек айғыр. Кереметі сол, айғырда құлынның туылған сәттегі кісінеген үнін ұмытпайтын және өз баласын жазбай танитын қасиет бар.

Жылқының есті мал екеніне тәнті боласың. Мысалы, екі айғырдың үйірі жайылымда бір жерге тоқайласып қалса, айғырлар біріне-бірі жақындап келіп, тастаған тезектерін иіскеу арқылы қайсысының мықты екенін анықтайды. Осалдау айғыр үйірін алып, басқа өріске кетеді. Міне, түйсікті малдың сезімталдығы.

Мақаланың жалғасы бар, басын мына жерден оқуға болады.

Айбын Төреханов, профессор

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.