Бапаншағыр

1953

Ақсуат өңірінен шыққан асқан жүйріктердің бірі – Бапаншағыр. Көкшағыр ат болған екен.

Ат иесі – Жанай руынан шыққан, ел ішінде аса сыйлы, қажылық парызын өтеп қайтқан, атақты қажы – Бапан Есқожаұлы (1822–1918). Сол себепті ел ішінде бұл сәйгүлік «Бапаншағыр» аталып кеткен.

Шежіре тарату бойынша, Бапан – Назар, Жанболат, Жанай, Байбол, Торғай, Өтеп, Есқожа арқылы жалғасады. Ол – атақты Тана мырзаның немере туысы. Айта кетерлігі, Тана мырза да Торғайдан тарайды.

Бапаншағыр өз дәуірінде талай бәйгенің алдын бермеген, дарабоз жүйрік ретінде танылған. Бірде Көкшағырды иесі Бапан қажы мен елге белгілі Омар би Семей шаһарында өткен үлкен думанға – Ресей патшасы Александрдың ұлы Владимирдің келуіне орай ұйымдастырылған той-бәйгеге апарып қосады. Бәйгеге үш жүз ат қатысып, соның ішінен Бапаншағыр көмбеге қара үзіп келе жатқанда, алда тұрған көпірден үркіп, жалт береді. Көмбеден екінші болып келе жатқан ат бірінші болып өтіп кетеді. Содан дау туындап, ақыры екі атқа да бірінші жүлде беріліпті. Бұл дерек Рафиқан Ибраевтың «Жанай руының хикаялары» атты кітабында (56-57 беттер) айтылады.

Бапан қажының шөбересі Мұқаштың айтуынша, сол бәйгеде Бапаншағырды Көзыке есімді жас бала тақымдап шапқан. Екінші болып моңғол жерінен келген қалмақтың қарақасқа аты келіпті (М. Сыдықов, «Тоғыз таңбалы Найман. Қаракерей шежіресі», V том, 454-бет).

Осы Көкшағыр туралы ел ішінде «Тесік өкпе» деген қисса да айтылыпты. Аңыздың айтуынша, тұлпардың тынысы ерекше кең, өкпесі тесік іспетті болыпты-мыс. Шабыста ұзаққа сілтейтін, талмайтын қасиетімен танылған.

Қазіргі күні ескі Сұлутал деп аталатын елді мекенге жақын маңда «Бапаншағыр» атанған көне бейіт бар. Ел аузындағы әңгімелерге сенсек, Бапан қажыға ас берілерде, шағыр аты тұлданып сойылып, бас сүйегі арнайы әкелініп, мола ішіне қойылыпты. Сол бас қазірге дейін сақтаулы. Тұрқы ұзын, тұмсық қуысы кең ойылған сол аттың басы түнгі ай сәулесі түскенде жарқырап, әлдебір тылсым шұғыламен жанып тұрғандай әсер қалдырады екен. Мұны талай көз көргендер де бар.

Мұрат Әбуғазы

ҚР Мәдениет қайраткері,

күйші, өнер зерттеуші

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

buy windows 11 pro test ediyorum

casibomGrandpashabet Güncel Girişcasibomsahabetmatbetvaycasinomarsbahisholiganbetcasibomvaycasinomarsbahiscasibom