Алматыда классикалық ат жарысы өтті

562

Алматы ипподромында асыл тұқымды жылқылардың қатысуымен классикалық және тегіс жарыс ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ұшқыр бәйгенің 7 түрінен бақ сынасты.

Шара Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізілді. Ашылу рәсімінен кейін қонақтар ұлттық ойындардан аударыспақ, теңге ілу, қыз қууды тамашалап, қызықты жарыстардың куәсі болды.

Айта кетейік, асыл тұқымды ағылшынның таза қанды мініс жылқылары 2 жасынан бастап сынаққа түседі.

Спорттық шараның басты мақсаты ел арасында салауатты өмір салтын насихаттау, текті жылқыларды сынау. Қазіргі уақытта ат спортына қала тұрғындарының қызғушылығы артып келе жатқанын байқаймыз. Меніңше, бұл өте жағымды жаңалық. Осындай шараларымыздың арқасында, үздік шабандоздар анықталып, жүйрік жылқылар байқалады. Осындай қарқынмен әлемдік жарыстарда оза шабамыз деген сенімдемін, – дейді Qazaq Jockey Club төрағасы Мақсат Ахаев.

Жарысқа қосылған шабыс жылқыларының күші, төзімділігі, шабысы, жүйріктілігі, ұшқырлығы барлық жағынан сыналды. Сондай-ақ, шабондоздардың ептілігі мен атқа шабу шеберлігіне көрермендер тәнтті болды.

Жүлде алған жүйріктер:

Секіру – 1. Сынақ жүлдесі.
1 орын: Юниана.
Жокей: Ш.Бақытжан.
Жаттықтырушы: П.Карабельников .

Секіру – 2. «Бастау» жүлдесі.
1 орын: Дауыл.
Жокей: Д.Болотбеков.
Жаттықтырушы Д.Махажанов.

Секріу – 3, «Спринтер» жүлдесі.
1 орын : Френч Роуз Сен.
Жаттықтырушы: Е.Караваев.
Жокей: Р.Алпысбай.

Секіру — 4, Лоина жүлдесі
1 орын: Скайлер Блэйк.
Жокей: Е.Нұрасылов.
Жаттықтырушы: Е. Нұрасылов.

Секіру – 5, «Жеңіс» сыйлығы
1 орын: Шукран.
Жокей: А.Рысбеков.
Жаттықтырушы: М.Әзімбаев.

Секіру — 6, Квасов атындағы
1 орын: Халид.
Жаттықтырушы: Қ.Өміралиев.
Жокей: Р.Алпысбай.

Секіру – 7, «Алматы милясы»
1 орын: Олжахан.
Жаттықтырушы: Е.Ахмолдин.
Жокей: А.Байкенов.

BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.