Тек Қостанай жылқысы қатысқан бәйге өтті

798

Биыл Қостанайда бәйге маусымында бабы мен бағы қатар жанған арғымақтар қомақты қаражатқа ие болмақ. Заречный ауылындағы «Арғымақ» атшабарында өткен ат споттының маусымдық ашылуында қостанайлық тұлпарлар сынға түскен жарыс жеңімпаздарының өзіне от алты миллион теңге берілді.

Тобыл өңіріндегі бұл жолғы аузымен құс тістеген «Қостанай» тұқымынан тараған қылқұйрықтардың бәсекесі ерекше маңызға ие. Оның басты себебі еліміздегі жалғыз асыл тұқымды бәйге аттарын шығарған Қостанай жылқы зауытының 135 жылдығына арналып отыр. Былтырдан бастап еліміздің ат спорты саласында «Қостанай жылқысына» деген құрмет артып келеді. Сондан бері еліміздің маңызды бәйгелерінің басым бөлігінде тек қана «Қостана» тұқымының арғымақтары ғана қатысып келеді. Бұл жолғы ауыздықпен алысқан армақтардың жарысына да осы тұқымның жүйріктері қатысты. Оған Қостанай облысынан бөлек көршілес жатқан өңірлер мен Ақтөбе , Қарағанды секілді аймақтардың белді атбегілердің жүйріктері қатысты.

Хас жүйріктердің жарысына алыстан ат терлетіп келген ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрғасы Батырбек Ахметов, Қостанай ауданы әкімі Жансұлтан Тәукенов қатысты.

Қостанай облысындағы ат спортының маусымдық ашылуында ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов елміздегі ұлттық ат спортының дамуы мен Қостанай өңірінің қосқан үлесін айрықша атап өтті.

Құрметті достар! Бүгін біз тарихы тереңде жатқан Қостанай тұқымы жылқылары арасында бәйге өткіздік. Өздеріңізге белгілі, Қостанай жылқы зауытына биыл 135 жыл толса, Қостанай асыл тұқымды жылқысына 72 жыл толды. Ол — қазақтың жалғыз асыл тұқымды жылқысы. Алпыс жыл бойы ғалымдар мен арнайы мамандардың үздіксіз еңбектерінің арқасында асыл тұқымды Қостанай жылқысы дүниеге келген болатын. Әлем халқы бізді алғаш, атты ерттеп мінген — ұлы көшпенділердің мұрагері деп санайды. Ендеше біз ат спортын ерекше көңілмен, ықыласпен, үлкен жауапкершілікпен дамытуымыз қажет. Халқымыздың қанына сіңген ат спортын дамыту жолындағы еңбегіміз жемісті әрі жеңісті болғай! — деді  деп атап өтті ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов.

Ұлттық спорт қауымдастығының президентінің пікіріне сүйенсек, келер жылы еліміз үшін маңызды болмақ. Оған себеп, қазақ жерінде «Дүниежүзілік көшпенділер ойыны ұйымдастырылмақ. Осы өтіп жатқан бәйге сол маңызды ойынға дайындық екен.

Биыл Қостанай жерінде бес бәйге өтеді. Оған сексен млн теңге жүлде қоры белгіленді. Ал, бүгінгі өтіп жатқан бәйгенің өзі он алты миллион теңге бөлінді. Бәйгенің басын екі классикалық қысқа қашықтықтағы ұшқыр аттардың жарысы бастайды. Бес шақырымдық ұшқыр аттардың бәйгесі тағы бар. Жарыс соңын он сегіз шақырымдық аламан бәйге түйіндейді. Бәйгедегі аттардың бәрі «Қостанай» тұқымы, — дейді Қостанай облыстық ат спорты федерациясының вице-президенті Нұрбол Әбдірахманов.

Осы арада бәйге сүйер қауымды, қала берді күлі қазақты алаңдатып отырған тағы бір мәселе бар. Ол бір кездері атағы алысқа кеткен бір жарым ғасырға жақын тарихы бар Қостанайдағы «Қазақ тұлпары» деп аталатын залғыз жылқы зауатының тыныс-тіршілігі мен аяқ аласы. Бұл мәселеде жақында шешімін табатын секілді. Өйткені облыс әкімі Құмар Іргебайұлы еліміздегі жылғыз асыл тұқымды жылқы зауатын сақтап қалуға қол ұшын созатынын жеткізді.

Иә биылғы жыл біз үшін ерекше жыл. Себебі «Қазақ тұлпары» жылқы зауатына 135 жыл толып отыр. Бүгінгі бәйгенің өзіне біздің тоғыз тұлпар қатысып жатыр. Оның сыртында Ақмола мен Қарағанды және біздің Қостанай облысынан атақты атбегілері ат қосуда. Жалпы «Қазақ тұлпары» жылқы зауатын танымайтын адам жоқ шығар. Біз кәсіпорының атағы шетелде де танымал. Соңғы жылдары біз қаржы тапшылығына байланысты көптеген қиындықтарды бастан кешірудеміз. Бұл өзекті мәселенің шешімі жақында тауылып қалар. Облыс әкімі өзі бақылауына алып отыр. Бұл жолғы бәйгелердің жүлде қорларыда қомақты,- дейді «Қазақ тұлпары» ЖШС басқарма төрағасы Айгүл Амандықова.

Сонымен Заречный ауылындағы «Арғымақ» атшабарындағы бәйгенің қорытындысы келесідегідей болды.

1000 метрге «Ұшқыр бәйге»

1-орын. «Камандор» есімді тұлпар. Шабандозы Нұрасыл Ахмет. Бапкері Сайран Ауесханов. Ат иесі Арман Испергенов (Қостанай облысы).

2-орын. «Нұрберген» есімді жүйрік . Шабандозы әрі бапкері Ескендер Бильдибаев. Ат иесі Нұрбол Абдрахманов.

3-орын. «Самғау» атты арғымақ. Шабандоз Вероника Лобас. Бапкері Алмаз Кұлтасов. Ат иесі Қабылқалым Кұлтасов (Ақмола облысы).

1800 метрдегі «Ұшқыр бәйге»:

1-орын. «Рибека» атты арғымақ. Шабандоз Вероника Лобас. Бапкері мен ат иесі Алмаз Кұлтасов (Ақмола облысы).

2-орын. «Коржик» есімді жүйрік. Шабандозы Ерасыл Қонысбаев. Бапкері Ғанибек Қыпшакбаев. Ат иесі Берік Доданов (Қостанай облысы).

3-орын. «Берен» атты сәйгүлік. Шабандозы Ринат Ертас. Бапкері Ескендер Бильдибаев. Ат иесі Айбат Кабажаев (Қостанай облысы).

5 шақырымдық «Құнан бәйге»:

1-орын. «Загадочный» есімді тұлпар. Шабандозы Нұрасыл Ахмет. Бапкері Жандос Ахметов. Ат иесі Арман Испергенов (Қостанай облысы).

2-орын. «Айназ» атты жүйрік. Шабандоз Нұрислам Ораз. Бапкері Ғанибек Қыпшпебаев. Ат иесі Батырбек Ахметов (Қостанай облысы).

3-орын. «Қарақат» атты жүйрік.Шабандозы Ертарғын Әділханов. Бапкер Ермек Әділханов. Ат иесі Мұрат Тұрмағамбетов (Қостанай облысы).

18 шақырымдық «Аламан бәйге»:

1-орын. «Көктеміс» есімді арғымақ. Шабандозы Нұрасыл Ахметов. Бапкері Сайран Әуесханов. Ат иесі Арман Испергенов (Қостанай облысы).

2-орын. «Занзибара» есімді жүйірік. Шабандозы Нұртлеу Рымхан. бапкері Дәмір Клишев. Ат иесі Әділет Тасмұхамбетов (Ақмола облысы).

3-орын. «Сұлтан» атты арғымақ. Шабанозы Диас Жүсіп. Бапкері және ат иесі Саят Хаиржанов (Ақмола облысы).

BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!