Аударыспақ. Еліміздің 4 палуаны Әлем чемпионы атанды

587

Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының Қазан қаласында аударыспақтан (ат үстіндегі күрес) Әлем чемпионаты аяқталды.

Аталған әлем біріншілігіне Ресей Федерациясынан екі құрама, Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан елдері мен Татарстан, Ноғай, Дағыстан, Башқұртстан командалары қатысты.

Ат үстіндегі күрес өнерін спорт ретінде дамытып жатқан елдерден келген 100-ге жуық спортшылардың арасынан Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс олжалады.

Аударыспақтан 6 салмақ дәрежесі бойынша ел намысын Сырым Ізбасаров, Арман Сағымбаев, Рамазан Ғалелов, Нұржігіт Әмзеев, Шыңғысхан Ержанов, Ермек Құралбай сынды балуандар қорғады.

І орын: Сырым Ізбасаров (+100)
І орын: Рамазан Ғалел (80)
І орын: Шыңғысхан Ержанов (70)
І орын: Ермек Құралбай (60)
ІІ орын: Арман Сағымбаев (100)

Ұлттық құрама Әлем чемпионаты алдында Ақтөбе қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын. Аталған Әлем чемпионатының бір ерекшелігі спортшылар ат үстінде жайдақ (ер-тоқымсыз) күресті.

Ал осы чемпионатта моңғолиялық қандас бауырымыз Ерболат Жеңісбек 90 келілік салмақта топ жарып, әлем чемпионы атанды.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!