“Алтын тұлпар” аламан бәйгесінің тарихы

9031

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бұған дейін төрт рет өткен “Алтын тұлпар” аламан бәйгесінің тарихын жариялады.

Бұл бәйгеде – 2014 жылы 75 жүйрік, 2015 жылы 96 жүйрік, 2016 жылы 78 жүйрік, 2017 жылы 37 жүйрік бақ сынады.

Ең алғаш – 2014 жылы «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына арналып өтті. Екінші рет – 2015 жылы “Қазақ хандығының 550 жылдығына” орай дүркіреді. Үшінші жолы – 2016 жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құрметіне тер төккен болатын. Төртінші рет – 2017 жылы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында көсілген еді.

Baqtory

2014 жыл. 43 шақырым.
Бас бәйге – «Бақторы», Қарағанды өңірінің жүйрігі
2 орын – «Рабат», Түркістан өңірінің жүйрігі
3 орын – «Бекторы», Қарағанды өңірінің жүйрігі

Samal

2015 жыл. 51 шақырым.
Бас бәйге – «Самал», Жамбыл өңірінің жүйрігі
2 орын – «Бейбарыс», Кереку өңірінің жүйрігі
3 орын – «Жаннұр» Алматы өңірінің жүйрігі
4 орын «Бақторы», Қарағанды өңірінің жүйрігі

altyn-tulpar25

2016 жыл. 51 шақырым.
Бас бәйге – «Жаннұр», Алматы өңірінің жүйрігі
2 орын – «Көкбастау», Қарағанды өңірінің жүйрігі
3 орын – «Көгершін», Жамбыл өңірінің жүйрігі

Samal 2017

2017 жыл. 51 шақырым.
Бас бәйге «Самал», Жамбыл өңірінің жүйрігі
2 орын – «Қоянқасқа», Алматы өңірінің жүйрігі
3 орын – «Қара айғыр», Алматы өңірінің жүйрігі

Естеріңізге сала кетейік, биылғы аламан бәйгенің ресми атауы – «Алтын тұлпар – Жайық жағасында» V республикалық турнирі. Қашықтығы – 51 шақырым. Бас жүлде – 10 миллион теңге. Жалпы жүлде қоры – 22 миллион теңге. Алдыңғы келген тоғыз жүйрікке бәйге беріледі. Аламан жарысқа жүйрік жылқы тұқымдарының барлығы жіберіліп, еліміздің 14 облысы және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әрқайсысынан 5 сәйгүліктен қатысады. Өтінімдер 11-қазанға дейін қабылданады.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

buy windows 11 pro test ediyorum

CasibomCasibom GirişHoliganbetVaycasinoistanbul escort