Атты тур. Серілер салған сара жол
Ақмола облысына қарасты Аршалы кентінен бір топ салт атты Баянауыл бағытына аттанды.19 маусымда жолға шыққан жолаушылар 22 маусым күні Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесінің басында сапарларын аяқтамақ.
«Серілер салған сара жол» жобасы былтыр басталған. Ол кезде 3 салт атты 500 шақырымдық жол жүрген. Жоба мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тиімділігін жұртқа насихаттау һәм салауатты өмір салтын дәріптеу. Сондай-ақ, баяғы сал-серілердің дәстүрімен жолай соққан ауылдарында ән салып, әр әннің тарихы жайлы сыр шертуді жоспарлап отыр.
Былтыр біз үш салт атты жолаушыладық. Биыл бізге екі адам қосылды. Болашақта 10-12 адам болып жолға шықсақ біздің мақсатымыздың орындалғаны. Себебі, қазір атқа мінуді ұмыта бастадық. Ал, аттан ауған қазақты екінің бірі басына алады, — дейді жоба идеясының авторларының бірі Аян Кемалов.
Сонымен, жолаушылардың тізімін бере кетсем:
Кемалов Аян Мыңбайулы, дәстүрлi әншi.
Сарсенбеков Еркебұлан Тұңғышбайұлы, дәстүрлi әншi, aтбегi.
Кәрiмқожа Елдос Мағауұлы, «Асылқазына» федерациясынын төрағасы, тазы жанашыры.
Чукотаев Рүстем Әсетулы, атбегi.
Жанат Аманғалиев, дәстурлi әншi.