Тек Қостанай жылқылары ғана қатысқан аламан өтті (ФОТО)
Қостанай облысы Заречное ауылындағы «Арғымақ» ипподромында Қостанай асыл тұқымды жылқылары арасында кезекті бәйге өтті.
Бәйге Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен Республикалық «Бәйге» федерациясының ұйымдастыруымен өтті.
Аламан додаға отызға жуық жүрік қатысып, жарыс көркін қыздырды.
Аталан жарысқа Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, ҚР Парламент Сенатының депутаттары Ғауез Нұрмұхамбетов пен Сергей Карплюк, сондай-ақ, ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев арнайы келіп, жеңімпаздарды құттықтады.
Сонымен, жарыс нәтижелеріне келер болсақ:
Ұшқыр бәйге 1400 м, «Көркем» жүлдесі:
1-орын: «Самғау», шабандоз – Лобас Вероника, бапкері – Құлтасов Алмаз, ат иесі – Құлтасов Қабылқалым (Ақмола облысы);
2-орын: «Быстрая Звезда», шабандоз – Борган Игорь, бапкері және ат иесі – Барановский Эдуард (Қостанай облысы);
3-орын: «Золотой» тұлпары, шабандозы және бапкері – Никонов Михаил, ат иесі – Барановский Эдуард (Қостанай облысы).
Ұшқыр бәйге 2400 м, «Запуск» жүлдесі:
1-орын: «Нұржайна», шабандозы және бапкері – Белдібаев Ескендір, ат иесі – Қабажаев Айбат (Қостанай облысы);
2-орын: «Сардар», шабандозы – Өтеген Қуаныш, бапкері – Омаров Жанат, ат иесі – Сапашов Алишер (Қостанай облысы);
3-орын: «Замандас», шабандозы – Харитонов Тимур, бапкері – Белдібаев Ескендір, ат иесі – Әбдірахманов Нұрбол (Қостанай облысы).
Құнан бәйге 7 км, «Қазанат» жүлдесі:
1-орын: «Қаңтар», шабандозы – Төребаев Асқар, бапкері және ат иесі – Тоқмурзин Қадырбек (Қостанай облысы);
2-орын: «Маралқасқа», шабандозы – Айтпай Олжас, бапкері және ат иесі – Құсаинов Мұратбек (Қостанай облысы);
3-орын: «Нұрберген», шабандозы – Харитонов Тимур, бапкері – Белдібаев Ескендір, ат иесі – Әбдірахманов Нұрбол (Қостанай облысы).
Аламан бәйге 20 км, «Қостанай қаласы күніне арналған» жүлде:
1-орын: «Ласка», шабандозы – Баймағамбетов Сабыржан, бапкері – Әуесханов Есімжан, ат иесі – Алхатов Бақытжан (Солтүстік Қазақстан облысы);
2-орын: «Либерия», шабандозы – Ильясов Самир, бапкері – Қужанов Ескендір, ат иесі – Водопьянов Владимир (Қостанай облысы);
3-орын: «Тафия», шабандозы – Рымхан Нұртілеу, бапкері Клишев Дамир, ат иесі – Тасмұхамбетов Әділет (Ақмола облысы).
Турнирдің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, ал, серіктесі «Sportqory» спортты қолдау қоры. Жарыс барысында көрермендер бәйгеден бөлек өнер жұлдыздарының концертін тамашалады.
Айта кетейік, осы жылдан бастап ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Қостанай жылқылары арасында бәйге жарыстарын жүйелі өткізуді қолға алды. Негізгі мақсат – қазақстандық жалғыз зауыттық жылқы тұқымы – Қостанай асыл тұқымын қолдау әрі дамыту.
Бүгінде ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, белгілі кәсіпкер және меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов.
Argymaq.kz