Қос жүйріктің жүлдесі

4492

Жетісу облысы Қаратал ауданындағы өткен көрнекті қаламгер Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған Астың ат бәйгесі өте жоғары деңгейде және тартысты өтті.

Әсіресе, 75 ат шапқан аламан бәйге – деп жазады Парламент мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан.

Ат иелері үкілеп отырған дәмелі жүйріктерін осы жарысқа ерекше баптаған болатын. Өйткені, еліміздегі ең үлкен дода еді бұл. Түрлі жарыстарда алдына қара салмай жүрген тұлпарлардың бәрі келді. 31 шақырымдық аламанға бабы мен бағы қатар жарысқан 75 ат қатысты.

Ақтық айналымға дейін интригаға толы аламанда Алматы облысындағы Омаровтар әулеті баптаған даңқты «Талһиз» топ жарды – дейді Жанарбек Әшімжан.

Алайда тойда болғандардың көбі «Талхиз» бен «Жұмыртұяқ» қатар келді деген пікірде. Десе де камерадан «Жұмыртұяқ» атбасы кейін келгенін анық көруге болады. (Суретте)

Мәреге Жетісу облысының «Жұмыртұяқ» атты жүйрігі екеуі қатар келгенде делебесі қозған халық аңтарылды да қалды. Бейне камераға жүгінген төрешілер алқасы «Талһиздің» басы мәрені бұрын қиғанын хабарлаған. Артынша бәйгені ұйымдастырушылар әділ шешім жасап, топ жарған қос жүйрікке де «Land Cruiser 300» автокөлігінің кілтін тапсыратындығын хабарлады.

«Талһиз» — аяулы бауырымыз, марқұм Жолан Омаровтың жүйрігі еді. Топ жаратын тұлпарды құлынынан танитын Жолан бұл жүйрікті тай кезінде Польшадан әкелген болатын. Құнан кезінде ең үлкен бәйгеге өзі жаратып қосқан. Топ жарғанын көріп балаша қуанғанына куә болғанбыз. Одан кейінде 18 шақырымдық топ бәйгенің бәрінде топ жарып келген – дейді депутат.

Беске енді шыққан жануар ұлы аламанға ешқашан қатысқан емес. Күні кеше тұңғыш рет 31 шақырымда бақ сынаған болатын.

Осы дүбірлі додаға жүйрікті Ыбырайақын ағамыз бен Ұлан Омаров бауырымыз баптап әкелді.

Ат бәйгесін белгілі радиокомментатор, ақын Бақыт Жағыпарұлы жүргізді – дейді Жанарбек Әшімжан.

Екінші орынды «Секрет» алса, «Мамайқара» бұл аста үшінші орынға ие болды.

Argymaq.kz

1 comment

  1. Марат 4 Қыркүйек, 2023 at 17:49 Ответить

    Ал енді бәйгі бәйгіғо, ал енді жағымпаздар жарысынан кім алға шықты екен? Бәйгені мен тігемде мен тігем дегендерден кім озды екен?..

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.