Қу өкпе жүйрік

1632

(Жалғасы. Басы мына жерде)

Қу өкпе ат дегеніміз қыстан құр шыққан атты маусымда жайлау сонысына 7-10 күн шамасында қояберіп, маусымның 15-не таман қайтадан ұстап, арқандап, күнделікті мініп, етін қатырған ат.

Ала жаздай мініледі. Мұның терін арнайы алмаса да болады. Өйткені жаздай мінген атта артық тер болмайды. Бәйгеден бір апта не 10 күн бұрын бір рет жақсылап терлетіп, жуып, денесін сүртіп, тазаласа болғаны. Біз үнемі айтатын қу өкпе ат дегеніміз осы.

Жоғарыдағыдай бабымен қатырылып, тері алынып болған атты ертең бәйге болады деген күні жүген-ноқтасын алып, жылқыға немесе үйір аттарына қосып, бір түн қояберсе, қоябере салғаныңда ойнақтап шауып, ойыны қанған соң келіп жайылады. Бұл күні ұйқысы қанып, аунап-қунап әбден кеңиді. Таңғы жусауынан кейін жарты сағаттай жайылтып алып, ұстап әкеп байлап қойып, бәйгеге қосамыз.

Қорыта айтқанда, жүйрік аттың, бірінші – шабысты көтеретін еті болуымен бірге, екіншісі – тері алынуын басты шарт дейміз. Атбегілер өздерінің тәжірибелері бойынша ат баптауы керек.

Міне бұл, ата-баба мұрасына мұрагерлік еткен бүгінгі таңдағы заманамыздың заңғар сыншысы Мінайхан Тотайұлы ат сыншымыздың жүйрікті тану, терін алу, баптау, сыншылық, бапкерлік өнердің өскелең, биік деңгейі. Ондай болса, елде осындай керемет сыншы бар болғанда, ел іші-сыртына танылған тұлпарларымыз бар ма?

Жалғасы бар.

Бекзат Құрмашұлы,

mp.weixin.qq.com, (2022 жыл)

Төте қазақшадан крилшеге түсірген Ержан Жаубай

Түпнұсқадағы тақырып: Сыншымыз бар, дүние таныған тұлпарымыз жоқ, бұл қандай жағдай?

ФОТО: интернеттен алынды

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!