Астанаға АҚШ көкпаршылары келді

1614

Ертең Астанада көкпардан Қазақстан мен АҚШ құрамаларының кездесуі өтеді.

Кездесу «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде сағат 10:-да басталады.

АҚШ құрамасын америкалық ковбой Лэдд Хауэлл, Қазақ құрамасын белгілі көкпаршы Құрманбек Тұрғынбек бастайды.

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған додаға Лэдд Хауэллмен бірге америкалық кәсіби ковбой Кейси Филд те қатысады. АҚШ-тан келетін топ құрамында журналист, фотограф әрі режиссер Джейсон Мотл да бар. Шара аясында Ұлттық спорт түрлері бойынша да жарыстар өтеді.

Бұл көкпар тартудың – әлем елдеріне кеңінен тарап, ұлттық өнерден халықаралық дәрежедегі спортқа айнала бастағанын көрсетеді.

Айта кету керек, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ат спорты түрлері, көкпар, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, садақ ату, жамбы ату, арқан тарту сынды ұлттық және халықтық ойындардың 20 түрінен жарыс өтеді. Ресми бағдарламадан тыс, ұлттық өнердің 10 түрі таныстырылады.

Естеріңізде болса, ковбой-көкпаршылар біздің елге 2017 жылы да келген болатын. Онда АҚШ құрамасы ЭКСПО аясында өткен көкпардан тұңғыш Әлем чемпионатына қатысқан еді.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!