«Ертіс» зауыттық типі апробацияланды

824

Бүгінгі танда, Абай облысында 470 мыңнан астам жылқы өсіріледі, оның 3 мыңы өнімді және әмбебап бағытындағы асыл тұқымды жылқы.

Үйірлі жылқы шаруашылығының сапасын арттыру мақсатында, селекционер ғалымдар тұқымаралық бұдандастыру жұмыстарын кеңінен қолданады.

Атап айтқанда Абай облысы Бесқарағай ауданында орналасқан «Азамат-2» АШӨК базасында «Ертіс» зауыттық типіндегі жылқы тұқымын өсіру бойынша селекция арқылы асыл тұқым шығару жұмысында жетістікке жетті. 2024 жылдың 9 тамызында «Ертіс» зауыттық типі және «Бақай 71-89» бен «Заман 55-88» зауыттық іздерін апробациялау өтті. Апробациялаудың «оң» нәтижесіне қол жеткізген ғалымдар патент алуға дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Бесқарағай ауданында орналасқан «Мукинов» ШҚ базасында 30 жыл бойы Шәкәрім университетінің ғылыми және консалтингтік сүйемелдеуі арқылы Қазақ ұлттық аграрлық университеті ғалымдарымен бірлесіп қазақтың «Бесқарағай» типінен тараған «Шойынқара» мен «Байторы» типтес қазақ жылқылары селекциялық жетістікке жеткен болатын.

2022 жылдың қараша айында Бесқарағай жылқы типіндегі «Шойынқара» және «Байторы» екі зауыттық желісін сынақтан өткізу бойынша іс-шаралар жүргізілді. Ал 2022 жылдың желтоқсанында № 1030, 1031, 1032 селекциялық жетістікке патенттер алынды.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.