Алматы ипподромы тарихи-мәдени мұралар тізіміне енді

4347

Алматы ипподромы Алматы қаласының тарихи-мәдени мұралар нысандарының алдын ала жасалған есебі тізіміне енгізілді.

Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұралар обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы негізінде объектіге тарихи және мәдени ескерткіш мәртебесін беру үшін ол алдын ала жасалған есеп тізіміне енгізіледі.

Обьектінің мәртебесі туралы нақтылы шешім қабылданғанға дейін осы Заңға сәйкес ол тарихи-мәдени мұралар ескерткіштерімен бірдей қорғалады.

Заңға сәйкес оны пайдаланушы ескерткішті қорғауы тиіс. Яғни, ғимараттың сыртын, ішін қайта жасауға, конструкцияларын алу, қосалқы құрылыс салуға, мақсатты пайдаланылуын және айналасын өзгертуге тыйым салынады. Ғимараттың ішін жөндеу немесе қайта жасау үшін өкілетті органның келісімі қажет.

Алматы ипподромында жаңарған рекордтар туралы мына жерден біле аласыздар. 90 жылдық тарихы бар ипподром бір кезде жабылып қала жаздаған.

 argymaq.kz

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.