Халықаралық «Ұлы дала жорығы». Төртінші күннің қорытындысы

564

Марафон-бәйгенің төртінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7:00-де 11 команда Ақмола облысының Жалтыр елді мекенінің маңынан жорықты бастап, Ақмола облысының аумағындағы Тоғанас ауылында аяқтады.

Жалпы жол қашықтығы 500 шақырым болатын жорық Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы және Астана қаласын қамтиды. Марафон 7 қыркүйекте Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің 400 шақырымын бағындырды. Бүгін командалар соңғы кезеңді бастайды, Тоғанас ауылы маңынан Астана қаласына жетіп тоқтайды.

Жеңімпаздарды марапаттау бүгін кешкі 20:00-де «Қазанат» атшабар алаңында өтеді.

Төртінші кезең (100 шақырым) қорытындысы бойынша Қабардин-Балқар командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, үздік үштікті Ақтөбе облысының командасы түйіндеді.

400 км қорытындысы: 

1. Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы 22:36:14

2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласы 22:43:29

3. Ресей Федерациясы. Қабардин-Балқар Республикасы 22:51:16

4. Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы 23:13:14

5. Қазақстан Республикасы Қостанай облысы 23:25:39

6. Қазақстан Республикасы Жетісу облысы 23:58:44

7. Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы «СУЫН» қыздар командасы 24:25:51

8. Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы 24:48:32

9. Қазақстан Республикасы Ақмола облысы «ТОМИРИС» қыздар командасы 31:59:39

10. Қырғыз Республикасы жарыстан шығып қалды

11. Ресей Федерациясы Қарашай-Шеркеш Республикасы жарыстан шығып қалды.

12. Мажарстан жарыстан шығып қалды.

13. Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы жарыстан шығып қалды.

14. Иран Ислам Республикасы жарыстан шығып қалды.

15. Оңтүстік Африка Республикасы жарыстан шығып қалды.

16. Ресей Федерациясы Татарстан Республикасы жарыстан шығып қалды

17. Түркия Республикасы жарыстан шығып қалды.

Марафон жұмысына 2 халықаралық және 5 қазақстандық судья, сондай-ақ 4 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!