Конкурдан ел чемпионаты өтті

Алматы облысында дөнен, бесті және 6-7 жастағы жылқылар арасында конкурдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Алматыдағы Almaty Horse & Polo Club алаңында өткен чемпионаттың негізгі мақсаты – конкур бойынша болашағы зор жылқыларды анықтау.
Чемпионатқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Алматы облысынан келген спортшылар қатысты. Жарыс барысында 4 пен 7 жас аралығындағы жылқылар 80-130 см биіктіктегі кедергілерден секіру бойынша сынға түсті.
Жарыс барысында жылқылардың кедергілерді еңсеру техникасы, жылдамдық және шабандоз бен тұлпар арасындағы үйлесімділік бағаланды. Дәл осы факторлар болашақта табысты өнер көрсетудің негізін қалайды.
Чемпионат нәтижесі:
Дөнендер (80-100 см)
1-орын – Жалғасбек Сүлейменқұлов, аты Лебедь;
2-орын – Кылышбек Гаппар, аты Тутанхамон;
3-орын – Бекжан Байжанұлы, аты Conquistador.
Бестілер (100-110 см)
1-орын – Шыңғыс Мәлікаждар, аты Караэль;
2-орын – Ануар Досмаилов, аты Гугл;
3-орын – Мария Дорофеева, аты Тиффани.
6 жасар жылқылар, (110-120 см)
1-орын – Пётр Соловьёв, аты Нид Фор Хай;
2-орын – Равиль Турсунов, аты Магеллан;
3-орын – Шыңғыс Маликаждар, аты Манфред Эванс.
7 жас (120-130 см)
1-орын – Азамат Хасенов, аты Изи Стар
Жас жылқылар арасындағы чемпионаттың елімізде ат спортының дамуына қосатын үлесі зор. Мұндай сайыстар болашағы зор жылқыларды ерте кезеңде анықтауға, сондай-ақ оларды дайындауда атқарылған жұмыстың нәтижесін бағалауға мүмкіндік береді – дейді ұйымдастырушылар.
Argymaq.kz