Қырғыздар қорқып отыр ма? 2026 жылы ДКО-да көкпар болмайды

936

2026 жылы Қырғыз Республикасында өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасынан қазақтың ұлттық ойыны – көкпар алынып тасталды.

Бұл туралы Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігінің директоры Айбек Әбдімомынов ресми түрде мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда жарыс форматына өзгерістер енгізілген. Көшпенділер ойындары тарихында тұңғыш рет клубтық жүйемен сайысады – енді ұлттық құрамалар емес, түрлі елдерден жиналған ойыншылардан құралған клубтар өзара бақ сынайды.

Клубтардың құрамында әр елден бір-бір спортшы болады. Жеребе арқылы құрылған бұл аралас командаларда, мысалы, Манас Ниязов Қазақстан, Өзбекстан және Венгрия ойыншыларымен бірге бір командада ойнауы мүмкін. Осылайша, біз көкбөріні саяси астарсыз дамытуға мүмкіндік береміз, – деді Абдымомунов.

Көкбөрі – Көшпенділер ойындарының көрерменді көп жинайтын негізгі спорт түрлерінің бірі. Бұл жарыста Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары үнемі басты қарсылас ретінде кездесіп келген.

Көкпардың бағдарламаға енбей қалуы — бұрыннан келе жатқан келіспеушіліктің салдары.

2014 жылғы алғашқы ойындарға Қазақстан көкпар құрамасы қатысқан жоқ.

2016 жылы финалда Қазақстан Қырғызстаннан 3:15 есебімен жеңілді.

2018 жылы Қазақстан құрамасы үшінші орын алды. Ал көкпар тайқазан орнына шеңбер қолданылған қазақ ережесімен емес, көкбөрі ережесімен өтті.

Ол кезде бұл мәліметті Қазақстан Көкпар федерациясының президенті Ерлен Оспанов растаған. Жергілікті баспасөзге берген оның сұхбаты көпшілік арасында қызу пікірталас туғызды.

Айта кетейік, 2013 жылдан бастап Қазақстанда көкпарды дамытуға ерекше мән беріліп, Азия чемпионаты (2013) және Әлем чемпионаты (2017) өткізілген.

2022 жылы Түркияда өткен Көшпенділер ойындарында бастапқыда бағдарламада тек көкпар болғанымен, кейін Қырғызстан тарапы араласып, келісімдер негізінде бағдарламаға көкбөрі де енгізілді. Қазақстан жеңімпаз атанған еді.

2024 жылы Қазақстанда өткен ойындарда көкпар мен көкбөрі қатар ойналған болатын. Осы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Көкпар сайысынан Қазақстан құрамасы топ жарып, бас жүлдені еншілеген. Алайда жарыс біте сала, екінші орынды қанағат тұтпаған Қырғызстан спортшылары марапаттау рәсімін күтпестен, мінберден кетіп қалған болатын.

Көкпар – көкпар алаңында жерге сызылған арнайы шеңберде ойналады.

Көкбөрү – көкпар алаңына қойылған қазандыққа ойналады.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.