Абай облысында жылқының жаңа тұқымы шығарылады

3138

Абай облысында Бесқарағай жылқы тұқымын шығаруға дайындық жұмыстары басталды.

Облыс әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданында асыл тұқымды жылқы шаруашылығын дамытумен айналысып жүрген кәсіпкермен және ғалымдармен кездесті.

Кездесуге «Мукинов» шаруа қожалығының басшысы Хабидолла Мукинов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының өкілдері Қайрат Исхан мен Амин Акимбеков қатысты.

2022 жылдан бері «Мукинов» шаруа қожалығы базасында Шәкәрім университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғалымдары бірлесіп «Бесқарағай» жылқы типін жетілдіру бойынша селекциялық жұмыстар жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде «Шойынқара» және «Байторы» атты жаңа типтер ресми түрде танылып, патенттелді.

Қазіргі уақытта жылқы тұқымын толық қалыптастыру үшін қосымша екі жаңа аталық із – «Қанкүрең» және «Тобылғы жирен» бағыттарын шығару жұмыстары жүргізіле бастады.

Бұл жобалар аяқталғаннан кейін «Бесқарағай» жылқысы дербес тұқым ретінде мемлекеттік тізілімге енгізіледі.

Argymaq.kz

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.