Американдық аспаз қымыздан балмұздақ жасамақ

5562

Америкалық аспаз қымыздан балмұздақ жасамақ, деп жазады «Айқын» газеті.
Алматыда өтіп жатқан The Good Life деп аталатын аспаздық фес­ти­вальға әлемнің түкпір-түкпірінен ас әзір­леудің асқан шеберлері, тәтті та­ғам­дар­дың түр-түрін жасайтын кон­ди­тер­лер жиналды. Бұлардың әр­қай­­сысы жаңа тағамдардың алуан түрін ой­лап тапқан өз ісінің мамандары. Со­лар­дың ішіндегі америкалық кон­дитер Дэвид Кэмпбеллдің бұл іспен ай­налысқанына 18 жыл болыпты. Осы уақыттың ішінде ол талай фес­ти­вальдарға қатысып, талай мара­пат­тарға ие болған. Өзі ұзақ жылдар Лос-Анжелестегі Providence рестора­нын­да қызмет еткен. Қазіргі кезде Дэ­вид Кембэлл 450 нөмірі, 8 аутлет­тері мен мейрамханалары бар The Ritz-Carlton қонақүйінде шеф-кон­дитер болып жұмыс істейді екен.

Америкалық аспаздың фестиваль­да қандай жүлдеге ие болатынын кім білсін, бірақ ол қазақстандықтарға қа­зірден бастап ұнап қалды.

Дэвид Кембэлл осы уақытқа дейін еліміздегі бірде-бір аспаз-кондитердің тү­сіне де кірмеген тың ойды айтты. Мұ­хиттың арғы жағынан келген кон­дитер қазақтың қасиетті сусыны – қы­мыздан балмұздақ жасамақшы ойы бар екенін ортаға салды. Бұл бас­тама­ның иесі Қазақстанға келгеніне бір-екі күн ғана болған осы Дэвид Кем­бэлл болып қалатын шығар. Ол қы­­мыз­дың дәмін де бұрын татып көр­ме­ген екен, бірақ оған бірден ұна­ған сияқты. Сөйтіп, осы сусыннан бал­мұздақ жасау керек екен деп ше­шіп­ті.

Дэвид Кембэллдің сүйсініп жейтін асы салат көрінеді, сондықтан ол, не­гізінен, еттен жасалатын қазақтың ұлт­тық тағамдарына аса тәнті бола қой­маған сияқты. Фестивальға басқа ел­дерден келген оның әріптестері Қа­зақстандағы сырдың (ірімшік) чечил деген түрі қатты ұнағанын айтқан екен, бірақ оның ұлттық тағамға қа­ты­сы жоқ екенін естігенде көңілі ор­тайып қалыпты. Бірақ қазақтың ұлт­тық тағамдарының ішінен өзіне ұна­ған кейбір мәзірді кітапшасына жа­зып немесе жадына сақтап Амери­каға жеткізетін ойы бар. Ең бастысы, қымыздан жасалған балмұздақтың рецептімен бөліссе жақсы. Егер бал­мұз­дақтың жаңа түрі «қымыз-бал­мұздақ» патенттеліп, нарыққа шығып жат­са, оны Ritz-Carlton желісі арқылы са­тып алатын шығармыз.

ҚазАқпарат

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

buy windows 11 pro test ediyorum

Holiganbet GirişCasibom Giriş ve Üyelik