Оңтүстікте саумалмен емдеу орталықтары ашылады

7586

Оңтүстік Қазақстан облысының әрбір қала, ауданында саумалмен емдеу орталығы ашылады. Бұл туралы Шымкенттегі Көрме орталығында өтіп жатқан шағын және орта кәсіпкерліктің өңірлік форумында Оңтүстік Қазақстан облыстық индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Бауыржан Омарбеков мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kzтілшісі.

«Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік саласында жаңа жобалар енгізілуде. Бүгінгі форумда сол жаңа жобалар шағын және орта кәсіпкерлерге түсіндірілетін болады», — дейді басқарма басшысы.

Бауыржан Омарбековтың айтуынша, мысалы, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасымен туризм саласында облыс деңгейінде қазақтың салт-дәстүріне сай келетін саумал кластерін дамыту қолға алынған.

«Пилоттық жоба бойынша біз облыстағы әр қала, ауданда саумалмен емдеу орталығын ашып, ол жердегі туризмді дамытуды көздеп отырмыз. Саумалмен емдеудің адам ағзасына пайдасы халық арасында кеңінен тараған. Десе де, біз тек қана мұнымен шектелмей медициналық сараптамасын ала отырып, саумалмен емдеуді жолға қойғымыз келеді», — дейді Бауыржан Омарбеков.

Қиян ақпарат

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.