Қазақстандықтар енді құрғақ қымыз тұтынады

8157

Қарағанды облысында биенің таза сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру мақсатында жылқы фермасы іске қосылды.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен іске қосылған жоба Қарағанды облысының Осакаровка ауданы Шалғай ауылдық округында биенің таза сүтінен сублимациялық әдіс арқылы құрғақ ұнтақ өндіру мақсатында, жылқы фермасы кешенін құруды көздейді.

Бүгінгі таңда шаруашылықта 1300 бас негізгі мал табыны бар. Жайылым жерлерінің жалпы алаңы 24,5 мың гектар, егістік жерлері 11 мың гектардан асады, суармалы жерлері 1,5 гектар. Жобаның жалпы құны–1439 163 мың теңге.
Жобаның шеңберінде ғимараттардың, басқа да қажетті инфрақұрылымдардың құрылыстары жүзеге асырылған, биенің таза сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін технологиялық жабдық, техника мен биологиялық активтер сатылып алынған.
Жобаның қуаты — жылына 10 тонна құрғақ ұнтақты Қазақстанның тамақ, фармацевтикалық және косметологиялық өнеркәсіптерінде пайдаланылатын, сондай-ақ Евроодақ елдеріне экспортталатын құрғақ ұнтақ өндіру.
Бұл тамақ өнімдері, фармацевтика және медицина технологиялары салаларындағы соңғы әлемдік зерттемелерді қолдана отырып, жоғары технологиялы қазіргі заман инновациялық өндіріс екенін айтып кету қажет.
Бие сүтінен алынатын сублимирленген құрғақ ұнтақ арнайы қондырғыда ваккумдық кептіру арқылы әзірленеді. Сублимациялық кептіру бойынша технологиялық желінің жабдығы тікелей жануарлардың орналасқан орнына жақын жерге орнатылған. Бұл технологиялық талаптармен себептеледі – сауыла бастаған сәтінен бастап технологиялық қайта өңделе бастағалға дейін 15-20 минуттан артық уақыт өтпеуге тиісті. Жобаның авторлары сендіріп отырғандай, бұл жаңа сауылған бие сүтінің барлық пайдалы сапасын ұзақ уақытқа толық сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Қазіргі күнге жылқы фермасы өзінің өнеркәсіптік айналымын ұлғайтып, бие сүтінен құрғақ ұнтақ өндіруде. 2015 жылдың тамыз айынан бері бие сүтінен құрғақ ұнтақтың бір тоннадан артық алғашқы партиясы өндірілді. Өнімнің көпшілік бөлігіне ендігі сатып алушылар табылып та қойылған.
Аймақ үшін ең бастысы – жобаның әлеуметтік аспектісі, өйткені ол 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұл дегеніміз, олар үшін тұрақты жалақыны, демек, олардың жанұяларының амандығын қамтамасыз етеді.
Аталмыш жоба Осакаровка ауданынан Индустрияландыру картасына енгізілген үш жобаның бірі болып табылады.

Әлия Исенова,
«ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз хатшысы.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.