Шал ақынның Абылайдан ат қайтаруы (видео)

6739

Бір байламдарда (Абылай) хан делінеді. Алайда, Абылайдың кісі ақысын жейтін дерегі ешбір тарихта жазылмаған.
…Сонымен әйгілі хан Құлеке батырдың бәйге алдын бермейтiн жүйрiк атын сұрап алып, кейiн қайтармай қояды. Бiрде Құлеке атын сұрауға барғанда баласы Шалды ертiп барады. Хан бала Шалдың көзiнше: «Iшi боқ, сырты түк сол мәстектi осыншама неге сұрай бересiң?» — деген сөз айтады. Таңертең ерте тұрған хан жаңбырда сазға батып, отарға ере алмай қалған бiр қозыны арқалап, ықтау жерге апарып қояды. Шал кетерiнде хан екен деп қысылмай, өлеңдетiп, малжандылығын бетiне айтады.
«Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң,
Болмайды қойға пана тал дегенiң.
Таң ата жалаң аяқ тоқты арқалап,
Хан ата, қалай екен мал дегенiң?

Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кiшi,
Бiреудiң хақын жемес жақсы кiсi.
Тақтағы хан, топтағы бидi еңкейткен,
Хан ата, қалай екен малдың күшi?» -дейдi. Сөзден ұтылған хан Құлеке батырдың бәйге атын қайтарып, оған қоса бір жылқы беріпті.

www.bmtv.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.