«Астана жұлдызы» республикалық турнирі басталды

4081

Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тұңғыш рет ұлттық спорт түрлерінен «Астана жұлдызы» республикалық турнирі басталды. Онда ұлттық ойындарымыздың оннан аса түрінен сайыстарды тамашалай алатын боласыздар. 

Осы ерекше шараға орай бүгін Астанада баспасөз мәсілихаты өтті. Астана, Алматы қалалары мен бірге барлық 14 облыстың командалары бақ сынайтын дүбірлі додада;

Орта қашықтықтағы жүйріктердің бәйгесі;

Еліміздің таңдаулы 16 командасы үш тәулік көкпар;

Аударыспақ додасы;

Теңге ілудің ең үздік шеберлері;

Қыз қуудың теңдессіз жұптары;

Шу асауды жүгенсіз мінетін жүректі жігіттер;

Құралайды көзге атқан садақшылар;

Тоғызқұмалақ;

Асық атудың бәсекесі;

Қыран баптап түлкі, қасқыр аулаған;

Қаршыға мен сұңқар баптап сан түрлі құс ілдірген құсбегілер;

Ор қоянды қыр асырмай ұстайтын жүйрік тазылар фестивалі «Астана жұлдызы» турниріндегі жұрт айта жүрер қызықтың қатарын арттырады.

Жүлдеге автокөлік тішілген сайысқа қатысушы командалар да осал емес. Және бір айта кетерлігі оңтүстік өңірден гөрі ұлттық спорты кенжелеп қалған солтүстік өңірді қамту «Астана жұлдызындағы» бір мақсат.

«Қазанат» атшабарында өтетін ұлттық ойындардан басқа да қалың қауым сүйсіне тамашалайтын тартымды қызықтар аз емес. Ықшамдай айтсақ, атшабар алаңын жағалай ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, қазақтың байырғы тұрмыс-салты насихатталады. Желіде құлын жусатқан жылқылы ауылдың «Қымызмұрындығы», көгенге қой-ешкісін байлаған қойлы ауылдың, сиырлы, түйелі ауылдардың шынайы қарбалас тіршілігі қала жұртшылығына таңдай қақтырар көріністер болмақ. Шаңырақты шеңберлеп, морға салып уық иген, темір мен ағаштан түйін түйген қазақы ұсталар шеберлігі назарға ұсынылады. Сонымен қатар, турнир барысында әйгілі өнер иелерінің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламалар, қол өнер көрмелері және тойшы қауымға арнап ұлттық тағам түрлерінен фестивальдер ұйымдастырылады. Қазақ ұлтына тән осындай сән-салтанатпен қалың қауымның үш күн ұдайы көңілін көтеретін республикалық «Астана жұлдызы» турнирінің тамашасынан қапы қалмаңыз ағайын.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!