«Ең үздік салымшы» марапатталды

3152

Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізудің қарсаңында Астана қаласында өткен көкпардан І Әлем чемпионатында Қазақстанның тікелей чемпион болуына ықпал етіп, «Ең үздік салымшы» атанған мақтаралдық Абылайхан Шаймерденұлын және оның жаттықтырушыларын аудан әкімі Ғ.Исмаилов марапаттады.
Халықаралық спорт додасына 11 командадан (Қазақстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Түркия, Тәжікстан, Өзбекстан, АҚШ, Моңғолия, Ресей, Ауғанстан) 300-ге тарта көкпаршы қатысты. Астана қаласының «Қазанат» ипподромында өткен тұңғыш көкпар чемпионатының финалында Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 4:1 есебімен жеңді.

Еске сала кетсек, көкпар ойынынан халықаралық чемпионат ел тарихында тұңғыш рет болып өтті. Сайысқа түркі тілдес елдермен бірге АҚШ командасы да қатысты. Тартысты чемпионаттың күміс жүлдесін Қырғызстан алса, қола жүлдесін Тәжікстан командасы ұтып алды. Жалпы жүлде қорына 18 миллион теңге тігілген болатын.

Абылайхан Шаймерденұлы 1994 жылы ОҚО, Мақтарал ауданында туылған. І Әлем чемпионатында бас-аяғы 9 салым салып, финалдық кезеңде белсенділік танытып, үздік ойын көрсеткені үшін «Ең үздік салымшы» атағы берілді.

Жалпы, марапаттау іс-шарасында Абылайханның жаттықтырушыларының бірі Сабыржан Тоқтабайұлы аудандағы көкпар спортының дамуы жайлы баяндады. Мақтарал ауданының жастар құрамасы облыста 3 рет чемпион болса, ересектер құрамасы 2 рет күміс, 1 рет қола жүлдегер атаныпты. Ал, аудан әкімі Ғ.Исмаилов ауданда ұлттық спортымыз саналатын көкпар ойынын өткізуге арналған ипподром салынатыны туралы мәлімдеді.

Көкпар — ұлттық спорттық ойын, бұл ойында спортшының ептілігі, күші, батылдығы сыналады. Қазіргі таңда көкпар ойыны Қазақстанда ғана емес, Орта Азия елдерінде кеңінен таралған. Тәуелсіздік алғаннан кейін Орталық Азия елдері көне ойындарды жандандыруды қолға алды. Нәтижесінде, Халықаралық спорт федерациясы құрылып, еліміздің аймақтары ғана емес, сонымен қатар Қытай, Пәкістан, Түркия және Францияның өкілдері федерацияның мүшесі атанды.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!