Бір қамшының сыры немесе чемпион Саян Шәймерденов

5137

1960-жылы Сәбит Мұқановтың 60 жылдық мерейтойы өтеді. Сәуір айында басталған той, қарашаға дейін жалғасады. Тойдың ең бір қызған тұсы қазан айындағы мерекелік шараларға алыс-жақын шетелден жиырма шақты қонақ келеді. Сол меймандар бар, елдегі қаламгерлер бар бас аяғы 50-60 адамды Кенен атамыз өз ауылына шақырады.

Қордайдың етегінде сый-құрмет көрсетіп, соңыра Сәбеңе күмістелген ер тұрманы бар қара арғымақ мінгізіп, арқасына шапан жабады. Сүлікқараға мініп алып айдарланған Сәбең күміс сапты қамшысын олай бұлғап, былай бұлғап әбден шалқақтапты. Ел дастарханға отырған бір қаға берісте қамшыны Хамит Ерғалиев ұрлап алады да Сафуан Шәймерденовтың көлігіне тығып қояды. 

-Мә, мынаны жасыра тұр. Қазір Сәбең қамшысын іздейді, қызық болсын,-дейді. Айтқанындай Сәбең құнжыңдап қамшысын ары іздейді, бері іздейді. Таппайды. Ақыры өзінің тарғыл даусымен:

-Әй, қамшымды қайсың алдыңдар,- деп көпке дейін сұрау салумен болады. Ешкім үндемейді, әлгі екеуі жымыңдап сыр алдырмайды.

Сөйтіп күміс сапты қамшы Сафуан Шәймерденовтың мәшинесінде кете барады. Жазушы әне апарып беремін, міне апарып беремін деп жүргенде бірер ай өтеді. Бір күні жұмыстан келсе алты жастағы баласы төрде ілулі тұрған қамшының өрімін тарқатып, таспасын кесіп-кесіп коникийіне бау қылып тағып алыпты. 

Сол бала — Саян Шәймерденов еді.

«Саяным бұл күнде атақты хоккейші, спорт шебері. Жеті дүркін КСРО чемпионы. Көгалдағы хоккейден КСРО біріншілігін сегіз рет жеңіп алған «Динамо» командасының капитаны. Баламның осындай атақ-даңққа ие болуына бәлкім Сәбең ұстаған әлгі қамшының әсері болған шығар»- деп еске алады жазушы.

Есболат Айдабосыннның парақшасынан

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.