Көкпардан КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы өмірден өтті

4901

Қазақтың ардагер көкпаршысы, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы Саттархан Әбдәлиев дүниеден өтті.

Саттархан Абдалыұлы –  1950 жылы 10 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Бейнеткеш ауылында дүниеге келген. Командалық көкпардан ат спорты ойындарынан КСРО чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы. Ардагер көкпаршы.

Саттархан көкпаршы жиырма жасында Қазақ ССР-інің құрама командасының тұрақты ойыншысы болып,  ат спорты ойындарынан Алматы, Краснодар, Пятигорск, Тибилиси, Киев қалаларында өткен КСРО чемпионаттарына қатысып, жеңімпаз атанды.

Саттархан Абдалыұлы командалық көкпар спортының дамуы жолында көп тер төкті. 1993 жылы Алматыдағы спортшылар даярлау жоғары мектебі жанынан құрылған «Тайлақ батыр» көкпар командасының бас жаттықтырушысы болды. «Тайлақ батыр» командасы  1993 жылы Шымкент қаласында өткен «Көкпар тойы – Тайбурыл» атты алғашқы республикалық көкпар бәсекесінде екінші орынды иеленді.

Саттархан Абдалыұлының ұйымдастыруымен 2013 жылдан командалық пен жаппай көкпардың тарихын,  қазіргі жетістіктерін насихаттаған «KOKPAR central asia» журналы жарыққа шыға бастады. Ардагер көкпаршы Қазығұрт ауданының ауылшаруашылық саласын дамытудағы мол үлесі үшін «Еңбек даңқы» медалімен марапатталды.

«Тайлақ» командасы 1993 жылы Алматыдағы республикалық спортшылар даярлау жоғары мектебі жанынан құрылған.  Жетекшісі –  көкпардан КСРО чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы Саттархан Абдалиев. 

Sattarkhan

Саттархан Әбдәлиев өз ауылынан ауылдан бірнеше шабандозды тәрбиелеп шығарды. Оларды өз қаражатымен Қазақстанда және Орта Азия елдерінде өткен бірнеше көкпар жарысына алып барып қатыстырған. Талай жерде қазақтың атын шығарды, көкпарын паш етті. Ол кісінің дайындаған шәкірттері ешкімге есе жібермеген.

«Тайлақ батыр» қорын құрып, ұлтымыздың ерекше өнері көкпарды қолдау мақсатында «Көкпар» журналын да шығарды.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!