Америкалықтар құрғақ саумалға қызығушылық танытуда (ФОТО)

4408

Еліміздегі құрғақ саумал өндіретін ірі компанияЕвразия Инвест ltd” ЖШС АҚШтаТабиғи өнім-2019″ (Natural products Expo West 2019) халықаралық көрмесіне қатысып жатыр.

6-8 наурыз күндері АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Анахайм қаласында өтіп жатқан көрмеге аталған компания ұлттық тағамымыздың екі түрін ұсынған болатын. Нақтырақ айтқанда көрмеге құрғақ қымыз – саумал мен құрғатылған түйе сүтін қойған еді.

“Көрмеге SAUMAL және SAUBOTA деп аталатын бие сүті мен түйе сүтін халықаралықдеңгейде насихаттау мақсатында қатысқанбыз. Америкалықтардың біздің өнімдерімізге деген қызығушылығы керемет. Бұған дейін сиыр сүті мен ешкі сүтінен жасалған құрғақ сүт әкелгендер болыпты. Алайда біз алғаш рет бие сүті мен түйе сүтін әкеп отырмыз. Бұл – шынымызды айтсақ, Анахайм халқын таңқалдырды» – дейді компания өкілі.

Әрине, “Евразия инвест ltd” ЖШС бұған дейін Гонконгқа, Ресейге, Белорусьқа өнім экспорттап келген. Қазіргі таңда Қытайға экспорт жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан өнім әлден-ақ Қытай нарығына кіріп үлгерді.

«Бұл жерге Қазақстаннан бөлек әлемнің 100-ге жуық мемлекетінен табиғи өнім өндіруші компаниялары келген екен. Біздің саумалымызға өте жоғары деңгейде насихат жасалып жатыр десек болады. Бұл алдағы уақытта біздің экспорттық аумағымызды кеңейтеді деген сенімдеміз» – дейді “Евразия инвест ltd” ЖШС өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, құрғақ саумал өндіретін зауыт еліміздің Қарағанды облысында, Осакаровка ауданында орналасқан. Қазіргі уақытта бұл зауытта 2000-нан астам бие сауылады. 150-ден астам жұмысшы қызмет істеп жатыр.

Саумал жайлы толығырақ мына жерден оқуларыңызға болады.

argymaq.kz, суреттер ЖШС өкілдеріне тиесілі

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.