Ел чемпионаты. ШҚО жігіттері «Әлім ата» командасын ұтты

3070

Бүгін Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионатының үшінші күні. Көкпар бәсекесі бойынша топтық кезеңнің соңғы ойындары өтеді.

Ендеше естеріңізге сала кетейік, көкпардан ХІХ кезекті ел чемпионатында 15 команда бақ сынап жатыр.

А тобында — Ақтөбе облысының «Әлімата» командасы, Түркістан облысының «Құлагер» командасы, Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» командасы және ШҚО құрамасы бар.

В тобында – БҚО құрамасы, Атырау облысының «Нарын» командасы, Қызылорда облысының құрамасы және Маңғыстау облысынан келген «Адай ата» командасы жеке-жеке бақ сынап жатыр.

С тобында — Алматы қаласының құрамасы, Қостанай облысының құрамасы, Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен СҚО құрамасы сайысқа түсуде.

Кеше Ақмола облысының «Жекебатыр» командасы үздік шыққан D тобында – ақмолалықтардан бөлек Қарағанды облысының құрамасы мен Павлодар облысынан келген «Сатты» командасы бар.

Бүгінгі ойын кестесі төмендегідей:

Ақтөбе облысы – ШҚО 9.00 – 10.00

Түркістан облысы – Нұр-Сұлтан қаласы 10.00 – 11.00

БҚО – Маңғыстау облысы 11.00 – 12.00

Атырау облысы – Қызылорда облысы 12.00 – 13. 00

Алматы қаласы – СҚО 14.00 – 15.00

Қостанай облысы – Жамбыл облысы 15.00 – 16.00

Қарағанды облысы – Павлодар облысы 16.00 – 17.00

Бүгіндікке алаңға бірінші болып шыққан «Әлім ата» мен ШҚО арасындағы тартысты кездесуде қос команда да мықтылықтарын таныта білді.

Нұрлан Додай (команда капитаны) бастаған ақтөбеліктер Артур Бикининнің (команда капитаны) командаластарын әжептәуір тығырыққа тіреді. Ойынның алғашқы айналымында есеп 2:1-мен аяқталды. Ақтөбеліктер алда.

Екінші айналымда күтпеген жағдай болды. Алғашқы айналымда артта қалған ШҚО құрамасы есепті теңестіріп, тіпті алға шығып кетті. Ойын соңындағы көрсеткіш бойынша есеп – 5:3 ШҚО құрамасы айқын басымдықпен «Әлім ата» командасын ұтты.

Ақтөбе облысы «Әлім ата» командасы, команда капитаны — Нұрлан Додай, жетекшісі – Б.Тлеуов, жаттықтырушысы – А.Аймағамбетов.

ШҚО құрамасы, команда капитаны – Артур Бикинин, жетекшісі – Қ.Абсалямов, жаттықтырушысы – А.Бикинин.

Салым салғандар:

«Әлімата»: Қайрат Рамазан – 2 салым, Нұрлан Бисенбиев – 1 салым.

ШҚО: Жақсылық Амалбеков – 3 салым, Жарқын Жаңбуршин 1 салым, Мақсат Аринов – 1 салым.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!