Ел чемпионаты аяқталды

2840

Бүгін Тараз қаласы жанындағы Бектөбе ипподромында 19 мамыр күні басталған Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионаты аяқталды.

Ұлттық ат спортының 4 түрінен еліміздің 15 өңірінен келген балуандар өзара мықтыны анықтады.

Теңге ілу

Теңге ілуге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 20 жігіт сыңға түсті. Сол жиырманың ішінен іріктелген үш жеңімпаз чемпионаттың жүлдегерлері атанды.

ІІІ орын – Айдын Әшімжан (Жамбыл облысы) – 2 ұпай, 15,32 секунд (35000 теңге)

ІІ орын – Нұрбағлан Сәдуахас (Түркістан облысы) – 2 ұпай, 11,15 секунд (50000 теңге)

Қазақстан чемпионы (І орын) – Рахат Қомбаров (Түркістан облысы) – 4 ұпай, 11,97 секунд. (70000 теңге)

zhamby marapat

Жамбы ату

Республика чемпионатына 22 сұрмерген қатысты. Кіл мергеннен кім мергенді анықтаған сайыста ең көп ұпай жинаған үш ойыншы жүлдегер атанды.

ІІІ орын — Ералхан Айкөз (Түркістан облысы) – 20 ұпай (35000 теңге)

ІІ орын — Абзал Тулыбеков (Жамбыл облысы) – 25 ұпай (50000 теңге)

Қазақстан чемпионы (І орын) — Ғалымжан Өміртай (Қызылорда облысы) – 29 ұпай (70000 теңге)

Осы орайда жамбы ату ойынына қазақтың қаракөз қыздары да қатысқанын атап өткен ләзім. Қазақ халқының тарихында небір мерген қыздар, қол бастаған батыр аналар болғаны белгілі. Қазақстан чемпионатына қатысқан үш қыз да сол ержүрек әпкелерінің жолын жалғастыруды мұрат тұтқан екен.

Аударыспақ

Аударыспақ чемпионатына 5 салмақ бойынша 60-қа жуық спортшы қатысты. Бұл сайыстың бір ерекшелігі – әр салмақ дәрежесі бойынша 2 үшінші орын тағайындалды. Сонымен 5 салмақ бойынша 20 жеңімпаз анықталды.

audaryspaq marapat

60 келі салмақта:

І орын – Ермек Құралбай (Түркістан облысы) (70000 теңге)

ІІ орын – Азамат Серғазин (Ақтөбе облысы) (50000 теңге)

ІІІ орын – Фархат Советов (Қарағанды) (35000 теңге)

ІІІ орын – Мейіржан Әбибулла (Қостанай облысы) (35000 теңге)

70 келі салмақта:

І орын – Шыңғысхан Ержанов (Ақтөбе облысы) (70000 теңге)

ІІ орын – Дарын Өткелбай (Түркістан облысы) (50000 теңге)

ІІІ орын – Дәулет Ережепбаев (Жамбыл облысы) (35000 теңге)

ІІІ орын – Бауыржан Ахметов (Павлодар облысы) (35000 теңге)

80 келі салмақта:

І орын – Нұржігіт Әмзеев (Жамбыл облысы) (70000 теңге)

ІІ орын – Ермек Жәпішев (Шығыс Қазақстан облысы) (50000 теңге)

ІІІ орын – Досан Иламанов (Маңғыстау облысы) (35000 теңге)

ІІІ орын – Ағжан Мұрат (Павлодар облысы) (35000 теңге)

90 келі салмақта:

І орын – Мансұр Тамикенов (Шығыс Қазақстан облысы) (70000 теңге)

ІІ орын – Мұратәлі Тезекбаев (Алматы қаласы) (50000 теңге)

ІІІ орын – Дамир Серікбай (Қызылорда облысы) (35000 теңге)

ІІІ орын – Нарбота Босов (Солтүстік Қазақстан облысы) (35000 теңге)

90 келіден жоғары салмақта:

І орын – Біржан Қосәлиев (Түркістан облысы) (70000 теңге)

ІІ орын – Данияр Смайлов (Жамбыл облысы)(50000 теңге)

ІІІ орын – Мадияр Асқар (Ақмола облысы) (35 000 теңге)

ІІІ орын – Дархан Бейсенбаев (Шығыс Қазақстан облысы) (35000 теңге)

kokpar marapat

Көкпар

8 күнге созылған дүбірлі доданың ең қызығы көкпар болғаны айтпаса да түсінікті. Еліміздің 13 облыс, 2 қаласынан келген 15 команда нағыз тартысты дода өткізді. 4 топқа бөлініп, өзара мықты команданы анықтау үшін талмай тартысқан жігіттер бүгін чемпионат жеңімпазын анықтады.

Қазақстан чемпионы (1-орын) Жамбыл облысы «Әулие ата» командасы (1 млн теңге)

2-орын Түркістан облысы «Құлагер» командасы (700 мың теңге)

3-орын Атырау облысы «Нарын» командасы (400 мың теңге)

4-орын Ақмола облысы «Жекебатыр» командасы

5-орын СҚО құрамасы

6-орын Қызылорда облысы құрамасы

7-орын ШҚО құрамасы

8-орын Павлодар облысы «Сатты» командасы

9-орын Нұр-Сұлтан қаласы «Астана» командасы

10-орын Қостанай облысы құрамасы

11-орын Маңғыстау облысы «Адай ата» командасы

12-орын Қарағанды облысы құрамасы

13-орын Ақтөбе облысы «Әлім ата» командасы

14-орын БҚО құрамасы

15-орын Алматы қаласы құрамасы.

Осымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен Жамбыл жерінде өткен Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионаты аяқталды.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!