Ел чемпионаты. Бүгін алаңда 6 ойын өтеді

2084

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен Көкпардан ел чемпионаты жалғасуда.

Жамбыл облысы Тараз қаласы маңындағы Бестөбе атшабарында бес күннен бері өтіп жатқан тартыста еліміздегі ең таңдаулы командалар сынға түсуде.

Санитарлық талаптарды сақтай отырып, көкрерменсіз көкпардың бүгінгі ойынында алаңға шығатын командалармен таныс болыңыздар.

БҚО – Қостанай облысы
Алматы қаласы – Алматы облысы
Нұр-Сұлтан қаласы – Павлодар облысы
Шымкент қаласы – Ақтөбе облысы
Түркістан облысы – Атырау облысы
Жамбыл облысы – Қызылорда облысы құрамалары жеңіс үшін жанталасатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Тараз төріндегі көкпар бәсекесінде 15 команда өзара мықтыны анықтап жатыр. 30 наурыздан 7 сәуірге дейін жалғасатын чемпионат аясында «Өнер көкпар» додасы өтеді.

«Өнер көкпарын» ұйымдастырудағы басты мақсат – халықты ұлттық спортымызға тарту. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры», ұлттық кодды жетілдіруді ұлттық спорт арқылы дамытуға шама-шарқымыз келгенше үлес қоссақ деген ниет. Сонымен қатар, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бұқаралық спортты дамыту туралы айтқан ойын насихаттап, өз үлесімізді қоссақ дейміз. Бұрын ат мініп көрмеген, бірақ ата-бабасы ат үстінде өткен талай жігіт біздің қатарымызға қосылып жатыр. «Өнер көкпарында» алты команда өнер көресетеді. Негізі қазіргі әлемдік жағдайдың тұсау болып тұрғаны болмаса, команда қатары мұнан да көп болар еді – дейді «Өнер көкпарын ұйымдастырушы дәстүрлі әнші Досымжан Таңатаров.

BAQ.KZ

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!