Атақ аламыз деп жүріп, ат өлтіріп алмайық — доктор

2822

Биология ғылымдарының докторы, ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан жылқы шаруашылығы Одағының президенті, спорт шеберіне кандидат, Астана халықаралық университетінің профессоры Мұрат Нурушев елорда-Түркістан салт аттылар бәйге-марафонына қатысты өз ойын айтты.

Құрметті достар! Жуырда Мәдениет және спорт министрлігі Ел астанасы мен Түркістан арасында ат спорты бойынша 1200 километрлік, бұрын болмаған марофон жарысын өткізетінін жариялады. Бұл шара халықаралық деңгейде қазақ мәдениетін, ежелден келе жатқан дәстүрлерді дүние жүзіне паш ету және Париж-Дакар авторалли брендіне сай, жыл сайынғы халықаралық жарысқа айнала ма деген үміттің де жоқ еместігін министр Дәурен Абаев мырза айтқан болатын – дейді доктор.

Ол бұл жаңалықты естігенде қуанғанын айтады.

Әрине, біз – Қазақстан жылқышылар Одағы Ассоциациясы, қуанышпен естігенімізді жасырмаймыз! Бірақ осы жылқының физиологиясы мен этологиясын зерттеуші маман ретінде мені де бірнеше ой мазалайды. Күніне 100 шақырымдық марофонды 12 күннің ішінде жүріп және шауып өтуге шыдайтындар мүлде аз болуы мүмкін. Бұл бірнеше факторға байланысты: температура, жауын-шашын, тренинг және т.б. – дейді Мұрат Нурушев.

Ол бұл жарыс уақытқа байланысты болғандықтан шабыс та болуы мүмкін екенін ескертеді.

Осыған орай жылқылардың біразы шығынға ұшырауы әбден мүмкін. Ал дүниежүзінде жүздеген табиғатты және жануарды қорғайтын ұйымдар бар. Осындай шығындар болмайтындай дұрыс ақылдасып ұйымдастырған абзал болар еді. Сондықтан да, мамандармен ақылдасқан елімізге абырой әкелері сөзсіз. Сақтанған жөн деп ойлаймын, ағайын! Абыройлы іске сәт тілеймін! – дейді ол.

Ол халықаралық жануарлар құқығын қорғау ұйымдары елімізге ескерту жасай ма деген күдігін алға тартты.

Мәселе мынада. Дүниежүзінде жылқысүйер халық өте көп және жануарларды қорғайтын ұйымдар ертең Қазақ еліне шағымдануы да әбден мүмкін. Сондықтан, шет елден көмекке келетін ветеринарларда ұйымдастырушыларды қолдауы екіталай. Олар қомақты гонорарға қызыққаны мен, моральдық сотта не айтатыны белгісіз – дейді маман.

Биология ғылымдарының докторы мұндай жағдайлар тарихта да болғанын айтты.

Тарихта Ашхабад-Москва жылқы марафонында бірде бір ахалтеке жылқысы мәреге жете алмады. Орта жолда машинаға тиеп алып, Мәскеудеің маңынан түсіреді. Совет үкіметі пропогандасының әрекетіның нәтижесінде ол шындықты ешкім білмейді. Осындай тәжірибені ескеру керек. Әрине адай жылқысы ғана осындай жарысқа шыдауы мүмкін, бірақ уақытқа байланысты жүлде болғандықтан 50-70% дистанциядан шығып, аман қалар, ал қалғандарының біразы жан тапсырады, бірен сараңы жетер межеге – деп болжайды жылқытанушы.

Оның сөзіне қарағанда мұндай марафондарда уақыт жүлдеге байланысты болмауы керек.

Оны тек номиналды көрсеткіш ретінде статистикаға қолданса болады. Мұндағы мақсат дистанцияны әр команда түгелдей өту (5 ат), киелі жерлер мен мәдениетімізді қайта жаңғырту да болу керек. Ең басты көрсеткіш – қазақ жылқысына тән шыдамдылық қасиетін паш ету десек дұрыс болар еді. Бұл менің өз ойым. Осы тілектерге құлақ түрсе екен деген оймен жазып отырмын, ағайын! Шабандоздарымыз бен жылқымыз аман болсын… – деді Мұрат Нурушев.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.