Таға соғатын ұстахана (фото)

16338

Бұл – әкемнің туған інісі Арман. Он саусағынан өнер тамған, ағаштан түйін түйіп, қайыстан өрме өретін нағыз шебер. Арман өмір бойы жүрік баптап, бәйгеге ат қосумен келеді. Оның тағы бір ерекше өнері таға соғып, темірді қамырша илейді. Қысы-жазы астындағы атына қағар тағаны өзі соғып ала береді. Арман ағамның тағы бір өнері ер жасау. Біздің ауылдағы бірталай монгол, қазақтың астындағы ері осы кісінің қолынан шықты десем артық айтқаным емес. Бүгін сіздерге арман ағамның ұстаханасынан суреттер ұсынуды жөн көрдім. Қабыл алыңыздар.
Бұрынғы заманда тағаны арқар, құлжа, бұлан секілді сом мүйізді жануарлардың мүйізінен арнайы ойып отырып жасайды екен. Ал мынау ағамның көрікпен қызыдырып, темірден жасаған таға, шегелері.
Арман ағам бүгінде Монголияның Баян-Өлгей аймағына қарасты Цэнгэл деген ауданында тұрады. Өмірінде екі ұл, бес қыз тәрбиелеген ағам, жан серігі Төлей жеңгеммен бақытты отбасы болып тірлік құрып келеді.

Жаубай Ержан, суреттерді өзім түсірдім.

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.
casibom girişelektronik sigarajojobet girişjojobet girişjojobetjojobetjojobet girişjojobet girişJojobetbycasinobullbahisjojobetMarsbahisdeneme bonusuholiganbetbetkomcasibom girişdeneme bonusu veren sitelerRadissonbetbycasinotambet girişbetkomHoliganbetMadridbetjojobet girişjojobetjojobetjojobetjojobet girişjojobet girişjojobetjojobetsetrabet girişholiganbet girişholiganbet girişjojobetjojobetjojobet girişjojobet girişbetkomcasibom