Қанат ТӨРЕБАЕВ. Асауды алғаш ауыздықтаған кім?

9998

Біздің ата-бабаларымыз әлемде алғаш рет, осыдан 6 мың жылдан астам уақыт бұрын, жабайы аттарды қолға түсіріп, ауыздықтап, үйрете бастаған. Бірте-бірте оларды жуасытып, үй малына айналдыра алған. Үзеңгіні, ертоқымды, шалбарды, биік өкшелі етікті ойлап тапқан.
Латайдағы Пазырық, Берел, Шілікті қорғандарынан табылған артефактілер соның дәлелі. Ол аз болса, Солтүстік Қазақстан және Көкшетау археологиялық экспедициясының Виктор Зайберттің басқаруымен отыз жыл бойы жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары, сонымен қатар, әлемнің мүйізі қарағайдай алты елінің сегіз ғылымынан құрылған топтың генетикалық зерттеулерінің нәтижелері жылқының ең алғаш рет қазақ жерінде қолға үйретілгенін бүкіл әлемг жария етті.
Атқа қонды бабалар…

Ауыздықтың түрлері. Қола дәуірі

Ауыздықтың түрлері. Қола дәуірі

Жабайы жылқыларды қолға үйреткен бабаларымыздың армандарына қанат бітіп, өмір сүруге жайлы, климаты жұмсақ мекен іздеп, бүкіл Еуразияны шарлап шыққан. Әлемде алғаш рет дөңгелекті де ойлап тапқан біздің алғыр бабаларымыз екенін ғалымдар дәлелдеген. Арба, күймемен бабаларымыз ұзақ сапарларға шығып, өздерінің мәдениетін, дінін, өркениетін жарты әлемге таратқан. Сөзіміздің жалаң еместігіне атақты түрколог-ғалым мәскеулік Мурад Аджидың, Үндістанның алғашқы премьер-министрі, белгілі қоғам қайраткері, Кембридж университетінің үздік түлегі Джавахарлал Нерудің «Бүкіл әлемдік тарихқа көзқарас» кітаптарын оқығандардың көзі жетеді
Бабаларымыз Үндістанға, Кіші Азияға, Алтайға, Қытайға, Еуропаға толқын-толқын болып, қоныс аударып отырған. Ешкім де олардың жолына бөгет бола алмаған. Сауыт, тері шалбар, аяғына биік өкшелі саптама етік киіп, қолына өткір темір ұшты найза, оғы алысқа атылатын садақ ұстаған салт атты сарбаз жаяу-жалпы ағаш найзамен қаруланған, аң терісін жамылған жартылай жабайы қарсыластарын таптап өткен. Бабаларымыз ауыздықты, үзеңгіні, жүгенді қасиетті дүниеге балаған. Ауыздық, жүген, үзеңгінің арқасында даланың асау тағысы – жабайы аттарды дегендеріне көндірген. Сондықтан, ауыздықты ойлап тапқан адамның басқалардан гөрі қадір-қасиеті өте жоғары болған.
Небір асау деген аттың өзі аузына ауыздық салынғаннан соң, қанша бұлқынып атқалақтағанымен, артынша, амалсыздан «жыны басылып», жуасуына тура келеді. Өйткені, ат бұлқынған сайын, ауыздық екі езуін қатты қажап, ауыртып жанын көзіне көрсетеді.
В.Даль өзінің төрт томдық сөздігінде Ресей княздігіне Сібірден «алаша» аттың қалай әкелініп, оның қалай «лошадьқа» айналғанын тәптіштеп жазған.
Әбілғазы баһадүр өзінің жазбаларында Алақшын елі туралы деректер келтірген. Олардың Айқара мұран деген өзен жағасында тұратынын, ол өзеннің Ащы теңізге барып құятынын жазады. Теңіз жағасында үлкен шаһардың, оның маңында көптеген кенттер бар екенін атап өткен. Жылқыларының ірі және олардың бәрінің де ала түсті екенін ерекше атаған. Жерлерінеде күміс кенінің тым көп екендігін, әуелі қазандарынан бастап, аяқ-табағына дейін күмістен жасалатынын да баяндаған. Өзбектер сол себепті оларды «ала жылқылы, алтын ошақты» деп атаған. Сол алақшындар ХІ ғасырда Дешты Қыпшаққа жылжып келеді. Ол туралы «Дәдәм Қорқыт» кітабында: «Таза дін тұтынбайтын, шын діннің жаулары, шекпендерінің артқы етегін қырыққан 7000 шақырым қара шашты көпір ала аттарына мініп, түн ортасында Қазан бектің ордасын шапты» — деп жазылыпты.
Кейінірек ала аттылар қауымында Алаша хан хандығы бой көтерді. Алаша ханның күмбезі Жезқазған қаласының маңында, 60 шақырым қашықтықта мен мұндалап тұр. Яғни, бабаларымыз өз тайпаларының көсеміне үйірлі жылқысының түсіне сай есім берген. Аттары араласып кетпес үшін, ар тайпаның жылқыларының түр-түстері де әртүрлі болған.
Шежіре кітабын алып, парақтайық.
Ұлы жүздегі қаңлы, сіргелі, жалайыр, ысты, шапырашты.
Орта жүздегі қоңырат, керей, уақ, қара кесек, торайғыр, оның ішіндегі шағыр, шегір, қара, көкмұрын, найман ішіндегі терістаңбалы, қаратай, қасқа, қара.
Керей ішіндегі шұбарайғыр, шағыр.
Уақ ішіндегі меңдіқара, қарагөз, көкшегөз, қарабас тайпа ру аттары өз табындарындағы жылқылардың түр-түсіне сай аталған деп айтуға негіз бар.
7679587Хорезм хандығында Атлы, Атсыз деген хандар болған. Атлы, яғни атақты даңқты деген мағынада берілген есім, дәреже. Тіпті, Византия және Рим империясын дірілдеткен батыр бабамыз Аттиланың да есімі Аттылыдан шыққан деп сенімді айта аламын. Онда да, қыпшақ тілінің заңдылықтарына сай, Аттылы деп дәріптелеген. Кезінде қыпшақ тілі халықаралық тіл қызметін атқарған. «Кодекс куманикус» кітабының томы дәрежесі бар әр еуропалықтың үйінде болған. Еуропалықтар Аттылы есімін латын тіліне икемдеп «Аттила» деп кеткен. Оның шын атын Еуропа императорларының да айтуға батылы жетпеген.
Біздің батыр бабаларымыз жабайы аттарды ауыздықтап, қолға үйретуінің арқасында адамзаттың даму үрдісіне ересен революциялық жаңалық әкелді. Бұл жаңалықты адамзаттың Ай бетіне жасаған сапарымен салыстырсақ, артық кеткеніміз емес. Әр халықтың тілінде «ат» атауына сай түркі, оғыз тайпаларының түбір сөздері кездеседі. ХІХ ғасырдағы Прус корольдігі Герман империясының негізін қалады. Зерттеушілер готтардың біздің кете немесе құт руынан тарағанын жазад. 1331 жылы шыққан монғол империясының картасында орыс жері «А-ло-ш» деп белгіленген.
Алтын Орда астанасы Сарай қаласының тұрғындары «Алаш» атанғаны араб, парсы жиһангездерінің еңбектерінде атап өтілген. Қытайша атты «ма», грекше «алаго» венгерше (мажарша) – по, орысша «лошадь» дейді. Мажарлардың тілі фин-угор (оғыр) тобына жатады. Мажарлар Европаға қазақ даласынан барған.
Қазақтың «құлын» сөзі: «Құ+ло+н», «арғымақ –ар+ғұн+ма+қ», «тұлпар – тұл+пар», «көкпар – көп+пар», «қазанат – қазақи+ат» деген сөздердің бірігуінен дүниеге келген сияқты.
Орыстың «лошадь» сөзі «ло+алаша+ат» атауларыың араласуынан пайда болған. Мұхаммед пайғамбардың атының есімі «Пырақ» — құт-түркінің «пыр пар!+ақ», ал «Прус» — «пыр (пар)+ыс) сөздерінің қосылуынан шыққан. Сонда «пар»-деген атау да, атты білдірген. «Көкпар», «тұлпар»( — атауларындағы «пар» түбір сөзі – ат боса, «кек» сөзі «көпті» білдіруі мүмкін.
Сонда «көкпар» -көп+ат» деген мағына береді. Ал «тұлпар» жүйріктікті білдіруі ғажап емес.
Сөз соңындағы айтармызы, кең байтақ елімізді жаулардан қорғап қалуға, ұлтымыздың атауына үлес қосқан қасиетті жылқы жануары бейнесі тегіннен тегін елтаңбамыздан орын алмаған. Жылқы – қазақтың ұлттық жануары болып белгіленуі тиіс. Елорданың қақ төрінде батыр бабамыз Аттылы мен оның тұлпарына алып ескерткіш орнатсақ, қазақ ұлтының даңқы әлемге паш етілер еді.

1016567_1384770401788138_919763888_nҚанат Төребаев,
Қаратау қаласы. «Арай» газеті

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.