Жанарбек Ақыби. Үндестік (фото)

Ғаламторды тұтына білетін оқырмандар үшін Жанарбек Ақыбидің есімі ертеден таныс. Оның әлеуметтік желілерде, түрлі интернет ресурстары мен баспасөз беттерінде өзіндік қолтаңбасы бар жазбагер екенін байқаймыз. Жігітке жеті өнер де аз дейтін халқымыздың ұстанымын берік ұстайтын Жанарбек Алтай-Хобдаға аты мәлім – таушы (алпинист). Сронымен бірге Жәкеңнің ұлттық этнографияны жинаушылық қасиеті де жетерлік. Оның қаламынан туған түрлі тақырыптағы ұлттық болмысымызға жақын, рухани дүниемізге нәр берер әңгімелері оқырманын өзіне тартып отыратын ерекше қасиетке ие.
Ал енді Жанарбектің өзі табан тіреген аумақты суретке түсіріп, өмірінің “сәтті кадрларын” ұстай білетін шеберлігін айтпай кетудің өзі қылмыс. Оның түсірген құсбегілікке арналған суреттері ғаламтордың арқасында әлемнің барлық түкпіріне таралды.
Өз кезегінде сайтыма көрімдік ретінде жіберген жылқылардың суреттерін өздеріңізбен бөлісе отыруды жөн көрдім. Суреттердің көбі Жанарбектің Шалкөде жайлауынан түсірген туындылары.




















