“Алтын тұғыр-2018″. Argymaq.kz биыл да үздіктер қатарында

071A1310

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен  «Қазмедиа» орталығының концерт залында «Алтын Тұғыр-2018» атты ұлттық спорт үздіктерін марапаттау жиыны өтті.

Ұлттық спорт саласындағы үздіктердің мерейін көтеруді мақсат тұтқан «Алтын тұғыр» салтанатты жиыны биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылды. Дәстүрлі марапаттау жиынына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті президенті, генерал-майор Қайрат Сатыбалдыұлы, ҚР Мәжіліс депутаты, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан қатысып,  ұлттық спорттың жыл үздіктеріне сыйлықтар тапсырып, құттықтау сөз сөйледі.

Елімізге танымал сахна саңлақтарының  сазды концертімен өрілген  биылғы «Алтын тұғыр» сыйлығының иегерлері – 2018 жылғы ұлттық спорттың халықаралық бәсекесінде дара шыққан жеңімпаздар болды.  Нақты айтқанда, Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатында, Теңге ілу мен Құсбегіліктен ІІ Азия чемпионатында, Жамбы атудан XIV Әлем чемпионатында, Көкпардан, Тоғызқұмалақтан, Асық атудан, Қазақ күресінен халықаралық жарыстарда жүлделі орын иеленген төмендегі спортшылар  «Алтын тұғыр» сыйлығын иеленді.

Ұлттық спорт түрлерінің үздіктер номинациясы бойынша:

«Үздік мерген» – Абзал Тулыбеков,

«Үздік бәйге аты» -  «Қаракөз» (Ат иесі Артығали Миразов, шабандозы Бекзат Сәдуақас),

«Үздік шабандоз»  – Бауыржан Мырзабаев,

«Үздік көкпар командасы» – «Құлагер» командасы,

«Үздік көкпаршы»  – Асланбек Сайдулла,

«Үздік аударыспақшы» – Шыңғысхан Ержанов пен  Азамат Серғазин,

«Үздік теңге ілуші» – Мағжан Сапарбек,

«Үздік құсбегі» – Бабажан Берікболсын,

«Үздік қазақ күресінің балуаны» – Ерсұлтан Музаппаров,

«Үздік тоғызқұмалақ ойыншысы» – Әсел Далиева,

«Үздік асық атушы» – Мұхтар Ахметов.

«Үздік жаттықтырушы» – Нұрлан Додай,

«Үздік төреші» -  Гүлнар Базарханова

«Үздік жетекші» -  Ербол Еділбаев ( Ресей ұлттық құрама командасының бапкері)

«Елімжан» медалі – Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа  берілді.

Ал,  Дербіс Байділдаев, Бағдат Мүптекеқызы, Жомарт Сабыржанов, Өнербай Жанбала «Ұлттық спорт ардагері» медалімен марапатталды.

Сонымен бірге, ұлттық спорт саласының дамуына еңбек сіңірген бірқатар азаматқа Ұлттық спорт қауымдастығының арнайы дипломы, алғыс хаты және қаржылай сыйлықтарына ие болды. Бұлардың қатарында “Үздік фотограф” аталымымен Argymaq.kz сайтының Бас редакторы Ержан Жаубай да бар. Сонымен қатар, марапаттау салтанаты кезінде Argymaq.kz порталы түсірген фотолардан көрме ұйымдастырылды.

argymaq.kz (Фото: Нұрбек Альманбетов)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>