Атты тур. Алғашқы күн

Attatur

21 маусым. 4 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан Нұр-Сұлтан-Баянауыл атты туры бастау алды. Бұған дейін әуесқойлар арасында ғана өтіп келген турды биыл ҚР Мәднеиет және спорт министрлігі қолдап отыр.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастырған атты турға «QazaqGeography» РҚБ-да басты серіктес болды.

IMG_1812.jpg

«Киелі Қазақстан» деп аталатын бұл сапардың жетекшісі Берік Ақылбеков.

 «Осыдан 5 жыл бұрын әуесқойлар клубы құрылды. Біз жиналып Қазақстанның көрікті жерлеріне саяхат жасаймыз. Елдің табиғаты әрқилы, әрбір аймақтың өзіне тән қайталанбас сұлулығы бар. Біз негізінен Сарыарқаны аралаймыз. Атты шеру алдымен Бұйратау мемлекеттік ұлттық саябағына барады. Одан кейін Баянауылға аялдап, еңсеретін соңғы нүкте Жасыбай көлінде тұйықталады», – дейді ол.

Бүгінгі сапар Ақмола облысының аумағында өтеді. Нақтырақ айтсақ «Балқарағай» демалыс орнынан басталған сапар Тышқанкөлді жағалап, Қостомар, Бұлақсай өңірлерін басып өтіп, Кеңалқапта (Веренка) түнемеге жетуіміз керек.

IMG_1828.jpg

Аттанар алдында Зайролла Дүйсенбеков қатысушыларға ақ батасын беріп, ақ жол тіледі.

WhatsApp Image 2019-07-01 at 11.09.29.jpeg

Ал атты турға қатысушылар атынан Берік Ақылбеков ақсақалдың иығына шапан жауып, ізгі тілегіне алғыс айтты.

WhatsApp Image 2019-07-01 at 11.09.28.jpeg

Біз атқа қонғанда күн түске таяп қалған еді. Сыдырта аяңмен бүгіндікке 45 шақырым жолды басып өтуге бел будық.

Көшбасшы – Берік Ақылбеков;

жолбасшы – Ержан Жаубай;

экспедиция қонағы – Дуглас Ларсон (АҚШ, Чикаго);

ең жас мүше – Алар Ақылбеков.

Экспедиция мүшелері – Серік Есжанов балуан, Жасұлан Әбелдинов әнші, тарихшы, Дмитрий Ругис фотограф, Ерлан Құсайынов видеооператор, Райд Хейнояд атшы (16 жаста) және Ержан Кәкімбаев атбегі.

WhatsApp Image 2019-07-01 at 11.09.30.jpeg

Сонымен, «Киелі Қазақстан» экспедициясының атты турында атқа мінген 10 жігіт ат маңдайын шығысқа бағыттап, үзеңгіге аяқ артты.

Күн ыстық, дегенмен тың ат үшін 45 шақырым деген «әй» дейтін жер ғой. Кеңалқапқа жетем дегенше әжептәуір абыржитын түріміз бар. «Ер азығы мен бөрі азығы жолда» дегендей, бізді де Құдай тегін жаратпаған екен. Түнемелге 20 шақырымдай қалғанда алдымыздан жылқышының қара қосы кездесті. Алғашқы күн болған соң ба, шаршаңқырып келе жатқан кейбіріміз, әкеміздің үйін көргендей болдық.

WhatsApp Image 2019-07-01 at 11.09.31.jpeg

Осы қостан су ішіп, бір-бір жармақ малтаны ұртымызға бастық та, жол бағытын түзеп алып, жылжып кеттік.

WhatsApp Image 2019-07-01 at 11.09.32.jpeg

Кешкі сағат 18-де Айғыржал өзенінің бір сұғымындағы қоналқаға да жеттік. Бізден бұрын келген автоэкспедиция мүшелері шатыр тігіп, ас дайындап қойыпты. Түскі ас пен кешкі асты бірге іштік.

WhatsApp Image 2019-07-01 at 11.09.33 (1).jpeg

Аттарды жайғастырып, дала қосында Жасұланның әнін тыңдап, көңіл сергітіп, ертеңгі сапардың қалай боларын ақылдастық.

WhatsApp Image 2019-07-01 at 11.09.33.jpeg

21-29 маусым аралығында өткен “Киелі Қазақстан” экспедициясының күнделік-барысын атпен жүрген уақытта интернет желісінің және байланыстың нашарлығына байланысты Нұр-Сұлтан қаласына жетіп алған соң беріп жатқаным үшін журналист ретінде оқырмандарымнан кешірім сұраймын. Дегенмен, сапар барысын толықтай оқитын боласыздар (автор).

Естеріңізде болса, бұған дейін портал басшысы Ержан Жаубайдың Елордадан Жасыбайға дейінгі 500 шақырымдық атты турға қатысатыны туралы хабарлаған болатынбыз.

Ержан ЖАУБАЙ, argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>