Даңқты көкпаршы Дауылбаев атындағы турнир өтіп жатыр

4855

26 қазан мен 2 қараша аралығында Шымкентте атақты көкпаршы, КСРО чемпионатының 9 дүркін чемпионы, командалық көкпар ойынының негізін қалаушылардың бірі Әбілхан Дауылбаев атындағы турнир өтеді.

Көкпардан Жастар арасындағы республикалық ашық турнир Түркістан облысы, Шымкент қаласындағы атшабарда тамашаланады. Даңқты көкпаршы атындағы жастар турниріне еліміздің көптеген өңірінің командалары қатысып жатыр.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының хабарлауына қарағанда, Әбілхан Дауылбаев атындағы турнир бұған дейін бірнеше мәрте ересектер арасында ұйымдастырылған.

Dauylbaev-bilhanӘбілхан ДАУЫЛБАЕВ – Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Иірсу ауылында 13.04.1950 жылы дүниеге келген.  Оңтүстік өңірдегі даңқты көкпаршылардың бірі. Отыз жылдан астам жаппай көкпар шапқан ардагер шабандоз.

Көкпардан КСРО чемпионатының 9 дүркін чемпионы (1980-1991).

1984 жылдан көкпардан Қазақстан құрама командасының капитаны болды.

Командалық көкпардан ҚазССР  спорт шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2010),

«Алтын тұғыр» иегері (2017).

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы облыстық ат спорты мектебінің директоры қызметін атқарған (2008-2018).  Қазіргі кезде зейнеткер.

Әбілхан Дауылбаев ағамыз жайлы мына жерден оқуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тараз жерінде Ұлттық спорттың ардагері, әйгілі көкпаршы Нәби Момыновты еске алу турнирі өткені жайлы хабарлаған болатынбыз.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!