Нәби Момыновты еске алу турнирі өтті (ФОТО)
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында орналасқан атшабарда Жамбыл облысында көкпар спортының іргесін қалаған, «Əулие-Ата» клубының негізін құрушы Нәби Рүстемұлы Момыновты еске алуға арналған көкпар жəне аударыспақтан ашық турнир өтті.
Турнирге еліміздің бірнеше облысынан және Шымкент қаласынан 11 көкпар командасы мен 20-дан астам аударыспақ палуаны бақ сынады.
Сонымен аударыспақ мықтыларының арасында топ жарған жеңімпаздарға тоқталсақ:
80 келі салмақта:
1-орын: Е.Тауасар (Жамбыл ауданы)
2-орын: С.Лұхманов (Жуалы ауданы)
3-орын: А.Мұрат (Павлодар облысы)
90 келі салмақта:
1-орын: Қ.Сәбденов (Жамбыл ауданы)
2-орын: С.Ынтызарбеков (Жуалы ауданы)
3-орын: Е.Аблешев (Павлодар облысы)
90 келіден жоғары салмақта:
1-орын: Т.Сәбденов (Жамбыл ауданы)
2-орын: С.Ынтызарбеков (Жуалы ауданы)
3-орын: Ж.Көпен (Қордай ауданы), С.Серікбаев (Жамбыл облысы)
Нәби Момыновты еске алуға арналған Жамбыл облысының ашық турнирінде 11 көкпар командасы бақ сынады. Жамбыл облысы аудандары мен республиканың өзге де өңірлерінен келген додапаз жігіттер екі күн бойы турнир жеңімпазы атануға бар күштерін жұмсады.
1-орын: Жамбыл ауданы
2-орын: Т.Рысқұлов ауданы
3-орын: Меркі ауданы
4-орын: Қордай ауданы
Осылайша биылғы жылы Тараз төрінде өткен тартысты доданың мықтысы анықталды. Турнирдің жалпы есебінде Жамбыл ауданының жігіттері командалық есепте бірінші орынға шықты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы, Тараз қаласы маңындағы Бектөбе ауылының атшабарында Жамбыл облысында көкпар спортының іргесін қалаған, «Əулие-Ата» клубының негізін құрушы Нәби Рүстемұлы Момыновты еске алуға арналған ересектер арасындағы облыстық ашық турнирі өтетіні туралы хабарлаған болатынбыз.