Жерлесіміз Германияның «Үздік шабандозы» атанды

Bauyrjan

Бауыржан Мырзабаев бірнеше жылдан бері Еуропада тұрып жатыр. Ол Еуропаға танымал шабандоз. 1992 жылы дүниеге келген қазақстандық шабандозды (жокей) бүгінде бүкіл Еуропа таниды десек болады. Ол бұған дейін де үздік шабандоз атағын бірнеше рет иеленген. 2018 жылы Чехияда Еуропа чемпионы атанды.

Бауыржан ұшқыр бәйге атына шабады. Биылғы жылдың ақырғы бәйгесі кеше Германияда өтті.

«Биылғы жылы жалпы 520 бәйгеде шабандоз болдым. Соның 111-інде бірінші орынға иелендім. Бұндай көрсеткіш Германия тарихында соңғы 12 жылда болмаған екен» – дейді жерлесіміз.

Bauyrzhan

Оның сөзіне қарағанда биылғы жылы бәйге ұтысы жақсы көрсеткішке жеткен. Жалпы есепте 22 пайыз ұтыс мүмкіндігі болғанын айтады.

«Бүгін Алматыға ұшқалы тұрмын. Алла бұйырса, марапаттау рәсімі мамырда Германияның Баден-баден қаласында өтеді» – дейді Бауыржан Мырзабаев хабарласқанымызда.

Жерлесіміз жайлы толығырақ мына жерден біле аласыздар.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>