«Қазанат» атшабары бұдан былай тұрақты жұмыс істейді

5232

Елорда тұрғындарының ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында және алдағы жылда елімізде өтетін басты оқиға ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі барысында туристерге ұлттық салт-дәстүрлерімізді көрсетуді жолға қою үшін Астана қаласындағы «Қазанат» атшабары (ипподром) бұдан былай тұрақты жұмыс істейтін болады.

 Астана қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен тұңғыш рет өткелі отырған «Астана жұлдызы» республикалық турнирінің баспасөз мәсілихатында Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Ерлен Оспанов осылай деді.

Оның айтуына қарағанда бұл істі Астана қаласының әкімдігі және ұлттық Шөген ойыны қауымдастығымен бірлесе қолға алады.

«Бұл елордада ұлттық спортты дамытуға ерекше қолайлы жағдай болмақ. Ұлттық спортқа қатысты түрлі шаралар, ұлттық ойын түрлерінің клубтары және әрбір мереке сайын шағын ат бәйгесін ұйымдастыру мақсатында Астана іргесіндегі «Қазанат» атшабарын тұрақты жұмыстатып тұруды көздеп отырмыз» – дейді Ерлен Оспанов.

Атшабарда мектеп балаларына, жасөспірімдерге және ересек адамдарға арналған түрлі ұлттық спорт ойындарының клубтары ашылуымен қатыр, шөген (поло) ойынының да орталығы сонда болады.

Астанадан «Қосшы» ауылына баратын жолдың бойында орналасқан «қазанат» атшабары елордалықтарға жақсы таныс. Өткен жылы «Аударыспақтан бірінші Азия чемпионаты», «Теңге ілуден бірінші Азия чемпионаты» және «Көкпардан Азия біріншілігі» осы ипподромда өткен болатын.

Еске сала кетер болсақ, алдағы 10-қыркүйек күні ұлттық спорт түрлерінен өтетін «Астана жұлдызы» республикалық турнирі де осы атшабарда байрағын көтереді.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!