Қарағандыда ипподром салынады

3231

Қарағанды қаласының бас жоспарына ипподром салу жобасы енгізілген. Бұл жайлы Ерлан Қошанов xалықпен есептік кездесуінде мәлімдеді.

«Бұқаралық спортты дамыту үшін спорт залдар мен демалыс аймақтарын салудың маңыздылығы жоғары. Осыған байланысты жұмыстар жүргізілуде. Қазақ xалқы аттың құлағында ойнаған. Сондықтанда ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлудеміз. Бүгінгі таңда облыста 11 ұлттық спорт түрі дамуда. Бұл спорт түрлерімен 43 мың адам айналысады. Өткен жылы облыс тұрғындары қалада ипподром салу жайлы мәселе көтерген болатын. Бұл мәселені Қарағанды қаласын дамыту бағдарламасына енгіздік. Аталған жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін қолдана отырып жүзеге асырамыз», — деді облыс әкімі.

baq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!