Ел чемпионаты. Ақтөбе құрамасы “Астанадан” айласын асыра алмады

872

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Көкпардан ересектер арасындағы Республика чемпионатында Нұр-Сұлтан қаласы құрамасы мен Ақтөбе облысының құрамасы кездесті.

Естеріңізде болса, кешегі ең көп салымды Ақтөбе облысы салған болатын. Павлодар облысы құрамасына қарсы ойында ақтқбеліктер 16 салым салып, күннің рекордын жаңартқан еді. Алайда, бүгін ол рекордты жасау былай тұрсын, дұрыс салым сала алмады.

Кеше Ақтөбе жігіттеріне осал қарсылас жолыққан еді. Себебі, Павлодар мен Ақтөбенің көкпардағы мүмкіндігін салыстыруға келмейді. Енді бүгін кешегі Павлодардың кебін өздері киіп отыр. Нұр-Сұлтан құрамасы елдегі мықты құраманың бірі. Кеше Маңғыстауды да ұтқан болатын. Бүгін де мықты ойын көрсетіп жатыр. Осы орайда, Павлодар құрамасы жайлы бір сөз айта кеткім келеді. Ол команда толықтай жергілікті жігіттерден құралған. Бұл жақсы, десе де, бір-екі легионер алып, көкпардың деңгейін көтеруі керек – дейді чемпионат төрешілерінің бірі, көкпаршы Нұрхан Айтбаев.

Сонымен елордалықтар мен Ақтөбе облысы арасындағы тартыстың нәтжесін жариялайық. Есеп – 8:3.

Аманжол Хасеновтің жігітері арасында ойын есебін ашқан Ережеп Абай – 3 салым, Амалбеков Жақсылық – 3 салым және Мәтжан Мейіржан – 2 салым салды. Ал Нұр-Сұлтан құрамасының қарсыласы Ақтөбе құрамасы небары 3 салым салды. Салым иелері – Бейсенбаев Нұрлан – 2 салым, Жақсылық Руслан бір салым салды.

BAQ.KZ

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!