Командалық көкпар жаңа форматта ойналады
Биылдан бастап Қазақстан чемпионатының аты да, заты өзгереді. «Ұлы дода» деп аталатын ішкі біріншілік аясында бірнеше лига жасақталады.
Мәселен, жоғары лигада ең үздік 6 команда өнер көрсетеді. Олар әр турда өзінің және қарсыласының алаңында ойнайды. Бір сөзбен айтқанда, көрермендер 30-ға жуық матч тамашалай алады.
Бұған қоса, Қазақстан чемпионатының бірінші және екінші лигалары құрылып, барлық көкпар командаларына бірдей мүмкіндік берлімеді. Яғни жарысқа құжаты расталған ауылдық, аудандық, тіпті жекеменшік команда да қатыса алады. Сәйкесінше, топ жарғандары алдағы маусымнан бастап бір саты жоғарылап отырады.
Келесі жылдан бастап жоғары лигада ойнайтын командаларға өз ипподромы болуы міндеттеледі. Сондай-ақ, жастар мен жасөспірімдер командаларын қатар дайындау туралы шарт қойылады, — дейді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.