Тоқаев ДКО туралы: Байрақты бәсекені жоғары деңгейде өткізуіміз керек

2422

Алдағы жылы елімізде Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Бұл бұған дейін де бірнеше рет айтылған болатын.

Десе де Түркістан төрінде өткен ІІ Құрылтайды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев байрақты бәсекені жоғары деңгейде өткізуді қадап тапсырды.

Қазақтың тағы бір ерекшелігі – көне дәуірден бері келе жатқан өмір салты. Өзге елдер бізді көшпенділердің ұрпағы ретінде біледі. Бұл да – халқымыздың басты брендінің бірі. Келесі жылы менің шақыруыммен Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Бұл қадам ұлттық спортты дамыта түсуге зор мүмкіндік береді. Сондықтан байрақты бәсекені жоғары деңгейде өткізуіміз керек – деді Президент.

Мемлекет басшысының көшпенділер ойынын жоғары деңгейде өткізу туралы тапсырмасына үн қосқан Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов Көшпенділер ойыны жылдан жылға қарқын алып келеді дейді.

Біздің елде өтетін бұл байрақты додаға әлемнің 100-ден астам елінен 5000-ға жуық спортшы, 15 мыңнан аса турист келеді деп жоспарлап отырмыз. Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы аясында өткен «Мәдениет. Өнер. Руханият» секциясындағы баяндамамда атқарылып жатқан жұмыс пен алдағы стратегиялық мақсат-міндеттер жайлы әріптестеріме кеңінен әңгімелеп бердім. Олардың ойларын білдім. Ұлттық спорт мәселесін күн тәртібінен түсірмеуіміз керек. Осы жолда бүкіл қоғам болып еңбек етсек, алар асуларымыз бен бағындырар белестеріміз көп болатынына сенімдімін. Ер түріктің бесігінде айтылған мәселелердің барлығы оңынан шешілсін дегім келеді – деді Ұлттық спорт қауымдастығының басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, ДКО бұған дейін үш рет Қырғыз жерінде, бір рет Түркияда өткен болатын.

Argymaq.kz

3 comments

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.