Қазақстан атбегілеріне үндеу

1573

QAZAQ JOCKEY CLUB төрағасы Мақсат Ахаев Қазақстан атбегілеріне үндеу жасады.

Құрметті атбегілер!

Ғаламторда «Алматы ипподромын бұзып жатыр, бұл ат спорты нысандарының қысқаруына әкеліп соғады» деген ақпараттар тарап жатыр.

Өздеріңіз білетіндей, Алматы ипподромындағы ат шабысты ұйымдастырушы РOO Qazaq Jockey Club. Сондықтан бізде бұл жағдай туралы толық ақпарат бергіміз келеді. Алматы ипподромының 9 жылдан бері «Tengri-Invest» ЖШС жеке компаниясының меншігінде екені баршаға белгілі. Бұл компания Алматы ипподромын сатып алғаннан бері оның жағдайы жыл сайын нашарлап, бәйгелердің толыққанды қанағаттанарлық деңгейде өтуі қиындап барады.

Жылқы иелерінің күші мен қаражатын пайдалана отырып, тұқымдық жылқыларды сыналтудың тоқтап қалуына жол бермеу үшін, ат иелері өздері жарыс жолын, левадаларды, атқораларды жөндеді. Ат иелері ипподром әкімшілігі мен иесіне ең қажетті деген жерлерге ең аз мөлшерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп беруді сұрап, бірнеше рет өтініш білдірді, өйткені… ипподромның қоршау құрылымдары, шеңбердің өзі, ашық люктері бар, шеңбердің ішкі жағы ат шабысқа қатысатын аттар мен жокейлерге де қауіп төндіреді, ат ауласы мен ат қоралары нашар жағдайда.

Бұл өтініштердің барлығы назардан тыс қалып, ат иелері «Керек болса, ипподромды сатып ал да, жаса» деген жауап алатын.

Үмітсіздік жайлаған ипподромның қазіргі жағдайы Жокей клубының Халықаралық ат спорты федерациясына (IFHA) кіру жоспарына нүкте қойып, демеушілер тарту мүмкін болмайтынын көрсетті. Сондықтан Жокей клубы ипподромды сатып алатын инвестор іздеуге кірісті.

Өздеріңіз білесіздер, ипподромымыздың жағдайына байланысты біздің жокейлер, осы саладағы білікті адамдар Ресейге, Еуропаға көптеп кетіп жатыр.

Ақыры Жокей клубы ипподромды сатып алатын инвесторды тапты, ол ипподром иесімен келісіп, оны нарықтағы бағамен сатып алды. Бұл инвестор бізге, атбегілер қауымына мынадай ұсыныстар жасап отыр:

— Алматы қаласының шетінде, Конаев-Алматы тас жолының 12-шақырымында 800 жылқыға арналған ауданы 70 га ипподром салу;

— Оны IFHA стандарттарына толық сәйкес келтіру;

— Ипподром құрылысы аяқталған соң, біздің ипподромдағы бәйге аттары мен жалға берілетін аттарды жаңа ипподромға көшіру;

— Осыдан кейін ғана ескі ипподромды бұзып, құрылыс салуға кіріседі.

Қазақстан атбегілерінің басын біріктірген Қазақстан Жокей клубы бәйге ауқымын кеңейтуді, демеушілерді тартуды, Қазақстан атбегілер үшін қосымша жұмыс орындарын ашуды алдына мақсат етіп қойды.

Осылайша, 2023 жылғы маусымға бәйге ұтысынан 108 000 000 теңге түсті, 2024 жылғы маусымға 95 000 000 теңгеге жуық демеушілік пакеттерге қол қойдық. Біз бәйгені белсенді дамытып келеміз.

Қазақстан атбегілері Халықаралық стандарттарға сай келетін ипподромға енді қол жеткізуге мүмкіндігі пайда болды.

Осы өзгерістерге кедергі болмай, бәйгенің дамуына деген ұмтылысымызды қолдауларыңызды сұраймыз!

Ынтымақ пен бірлікте боламыз деген үміттеміз!

QAZAQ JOCKEY CLUB төрағасы МАҚСАТ АХАЕВ

Argymaq.kz

 

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.