Су тасқыны. Қырылған малға өтемақы қалай төленеді?

1475

Бүгін Астанада өткен брифингте АШМ ресми өкілі Олжас Тілебалдин су тасқынынан қырылған мал иелеріне өтемақыны қалай төлеуге болатынын түсіндірді.

Су тасқыны кезіндегі шығынды барынша азайту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыс әкімдіктерімен бірлескен әрекетімен 88 мыңнан астам мал қауіпсіз аумаққа айдалып шығарылды.

Жедел деректер бойынша өлген мал саны 8,1 мың бас, оның ішінде ұсақ мал – 6 мың, ірі қара – 1,5 мың, жылқы – 514 бас. Республикалық эпизоотияға қарсы отряд тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында жануарлардың өлекселерін жою жұмыстарын қарқынды жалғастыруда.

Бүгінгі таңда 4,1 мың өлексе жойылды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша бұл жұмыс күшейтілген режимде жалғасатын болады.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабпен бірлесіп өлген мал иелеріне өтемақы төлеу алгоритмі әзірленіп, бекітілді.

Меншік иелері мен залалды анықтау және басқа да мәселелерді шешу үшін өңірлерде жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен шығынды анықтау жөніндегі комиссиялар құрылды. Су тасқыны салдарынан өлген мал иелері малы туралы мәліметтерді көрсете отырып, жергілікті комиссияға өтініш беруі керек – деді АШМ өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, малға меншік құқығы комиссия актілерімен расталады.

Меншік иелеріне өтемақы мөлшері Ұлттық статистика бюросы жариялаған жануарлардың түрлері, жынысы мен жас шамасы бойынша нарықтық құны туралы мәліметтер негізінде айқындалады. Жалпы, су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы эпизоотиялық жағдай, сондай-ақ мал иелеріне келген шығынды өтеу мәселелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында – деді ол.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.